Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару


Тақырып 2 : Ақша айналысы және ақша жүйесі



бет6/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)

Тақырып 2 : Ақша айналысы және ақша жүйесі .
Дәріс мақсаты: Ақша, несие, банк әдістері мен функцияларын, олардың нарықтық ортадағы ықпалы жайында түсінік қалыптастыру
Қысқаша мазмұны мен негізгі сұрақтары.

1. Ақша айналысы, оның маңызы, құрамы

2. Қолма- қол ақша айналымының мазмұны және оның ұйымдастыру тәсілдері

3. Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері

4. Ақша-несие саясатының түрлері .
1-сұрақ. Ақша айналысы, оның маңызы, құрамы.

Қайта құру кезеңiне дейiн «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың (халықтың) ақшалай табыстарының бөлiнуiн қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндiрiс қаражаттарының бөлiнуiн қарастырады. Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi. Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкiн емес болып қалды. Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы-несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады. Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн нысанының өзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды. Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.

Сонымен, бүкіл ақша айналысы : қолма-қол және қолсыз ақшалар болып бөлінеді.

- өнімді өндіру және сату процесін, яғни сипаттағы есеп айырысулармен байланыс айналымы

- тауарлы емс сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айнлымы

- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет