Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару


-сұрақ. Қолма-қол ақша айналымының мазмұны және оның ұйымдастыру тәсілдері



бет7/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)

2-сұрақ. Қолма-қол ақша айналымының мазмұны және оның ұйымдастыру тәсілдері.

Банкноттар мен қазына билеттері сияқты қағаз ақша белгілерінің және ұсақ монеттердің үздіксіз қозғалысы қолма-қол ақшаның айналымын құрайды. Барлық ақша айналымының құрамында, қолма-қол ақша айналымының үлесі көп емес, тек 1/3 бөлігі ғана дегенмен көптеген әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыруда және бағауда, осы айналымның мәні зор. Мысалы, қолма-қол ақша мен жұмысшы қызметкерлердің еңбекке ақысы, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, сақтандыру өтемі, дивиденттер тағы сол сияқты төлемдер төленеді. Ал мұның өзі халықтың тұрмыс деңгейіне тікелей әсер етеді және нарықта төлем қабілеті бар сұранымды қалыптастырады.

Белгіленген тәртіп бойынша Қазақстанда қолма-қол ақшаның айналымы, Ұлттық банкінің облыстық бөлімшелері мен есеп-кассалық орталықтарынан басталады. Осылардың резерв қорынан айналым кассасына ауыстырылғаннан кейін ақша айналымындағы ақша болып есептеледі.

Қолма-қол ақша айналымының одан арғы жылжуын мына сызбадан көруге болады.




Ұ лттық банкінің облыстық филиалдары мен кассалық орталықтары



Екінші дәрежелі банктер




Әр түрлі кәсіп орындар , фирмалар



Халық

Айналымындағы ақшаның жинағы да, кезінде еңбек ақыны, зейнетақыны, жәрдем ақыны, стипендияны басқа да халыққа төлейтін төлемдердің берілуі де ұлттық ақшаның төлем қабілеті де, инфляция деңгейі де осы айналымының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Сондықтан, кез келген Үкімет қолма-қол ақшаның айналымын жолға қоюға қатты көңіл бөлуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет