2-сұрақ. Несиенің құрылымы.
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады.
Кредитор - несиелік мәміленің қрызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек.
Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қатаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы – бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш – міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік.
Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие.Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы.Демек , біздің көзқарасымызша , экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады. Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құалады:
Депозиттер;
Банкаралық займдар;
Депозиттік емес көздер;
Коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.
Депозиттер деп -әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар фомасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну фомалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты, және табыстылық дәрежесі бойынша .
Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді.
Депозиттер алыну формалары бойынша екі топқа бөлінеді: қажет уақытында талап етілетін және мерзімді депозиттер.
Қажет уақытында талап ететін депозиттер-шоттарда сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:
Кәсіпорындар және ұймдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы қаражаттар; басқа банктермен есеп айырысуға қаражаттар; басқа банктермен есеп айырысуға байланысты корреспенденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк-корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.
Мерзімдік депозит-анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімдік депозиттер жеке тұлғалардың , компаниялардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес , орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |