Білім беру бағдарламасы: 6В10155- «Жалпы медицина»



Дата23.12.2023
өлшемі28,08 Kb.
#198778
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
PARHSSVZLYJX18122023143237


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ


KF 4301 «КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ»
пәні бойынша емтихан сұрақтары

Білім беру бағдарламасы: 6В10155- «Жалпы медицина»
Курсы: 4, семестрі: 7, 8
Кредит саны: 3/90
Оқу тілі: қазақ
Емтихан: VII, VIII
Пән координаторы, магистр-оқытушы С.К. Саттиева

Түркістан, 2023 жыд

Кафедраның мәжілісінде талқыланды
Хаттама___ «____»______2023 ж.
Кафедра меңгерушісі, м. ғ. к., қауымдастырылған профессормен бекітілді ____________ Г.О.Нускабаева

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
«АРНАЙЫ КЛИНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ
КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЕМТИХАН СҰРАҚТАР ТІЗІМІ





Тақырыптар

Сұрақтар

1

Клиникалық фармакологияның жалпы мәселелері (пәні және міндеттері). Ұтымды емдеу процесі. Науқастың проблемаларын және емдеу мақсатын анықтау. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану саясаты. Дәлелді медицина. Формулярлық жүйе.
Клиникалық фармакокинетика және фармакодинамика.

-Терапиялық әсер мен жағымсыз дәрілік реакциялар арасындағы теңгерім параметрлеры
-Биожетімділік терминінің анықтамасы
-"Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану" қолдануы
-Полипрагмазия
-Дәрілік заттардың негізгі әсер ету механизмі
-Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2 ) туралы түсінік
-Биотрансформацияға әсер ететін факторлар
-Терапиялық диапазон туралы түсінік
-Клиникалық фармакокинетика туралы түсінік
-Ең үлкен адсорбцияға ие орган
-Дәрілік заттардың рецепторлармен әрекеттесуі
-Р450 цитохром туралы түсінік
-Жанама әсерлер
-Дәрілердің синергизмдік және антогонистік әрекеттесуі. Синергизмнің түрлері: суммация, потенцирлеуі, сенситизация және аддитивті әсерлер.
-Препараттардың плазмада байланысуы
-Препаратты жою (элиминация) туралы түсінік
-Дәрі дәрмектерді енгізу түрлері және биожетімділігі
-Симптоматикалық, патогенездік терапия
-Клиникалық фармакодинамика туралы түсінік
-Дәрілік зат алмасудың баяулаулататын факторлар
-Егде жастағы адамдар үшін дәрілік препараттың дозалау ерекшеліктері
-Жүкті әйелдерде артериялық гипертензияның емі
-Жүктілік кезінде мүлдем қарсы көрсетілген препараттар
-Жүкті әйелді емдеу үшін ең қауіпсіз антибиотиктерЖүктіліктің соңғы триместрінде қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың қолдану ерекшеліктері

2

Бактерияға, вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы клиникалық фармакологияның заманауи емдеу тәсілдері.

-Антибиотиктердің микроорганизмдерге бактерицидтік әсері
-Бактериостатикалық әсері бар антибиотиктер
-Антибиотиктер жоғары концентрацияда бактерицидтік әсерге ие, ал төмен концентрацияда бактериостатикалық әсерге ие
-Асқазан-ішек жолында сіңірілмейтін антибиотиктер:
-Микробқа қарсы эмпириялық терапия
-Микробқа қарсы терапия нәтижесінде бастапқы қоздырғыштың жоғалуы
-Антибактериалды препараттарды ішке қабылдау кезінде диспепсиялық құбылыстар пайда болған кездегі терапия
-Бактерицидті препараттарды бактериостатикалық антибиотиктермен біріктірген кездегі өзгеріс
-Антибиотиктердің в – лактамазалармен жойылуы
-Кең спектрлі пенициллиндер
-Тар спектрлі жартылай синтетикалық пенициллиндер
-Табиғи пенициллиндер
-Пенициллиндер тобына жататын препараттарды белгілеңіз:
-I буын цефалоспориндер тобына жататын препараттар
-II буын цефалоспориндер тобына жататын препараттар
-III буын цефалоспориндер тобына жататын препараттар
-IV буын цефалоспориндер тобына жататын препараттар
-Цефалоспориндер микроорганизмнің қандай құрылымына әсері
-Аминогликозидтер тобына жататын препараттар
-Ото-және нефротоксикалық әсер ететін антибиотиктер
-Макролид тобының препараттары
-Тетрациклиндердің негізгі жанама әсерлері
-Доксициклин антибиотигі туралы түсінік
-Левомицетиннің емізулі әйелдерде қолданылуы
-Левомицетиннің Халықаралық жалпы атауы
-Фторхинолондар тобына жататын препараттар
-Фторхинолондардың IIбуын препараттары
-Туберкулезге қарсы қолданылатын антибиотик:
-Цитомегаловирусқа қарсы препарат
-Герпеске қарсы препарат
-Осельтамивир (тамифлю) вирусқа қарсы препарат
-Саңырауқұлаққа қарсы азол тобына жататын препарат
-Вагинальды кандидозды емдеу үшін саңырауқұлаққа қарсы препаратты

3

Стероидты және стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың клиникалық фармакологиясы.

-Глюкокортикостеридтар тобынан препаратты буын ішіне енгізу кезіндегі жанама әсерлер
-Айқын қабынуға қарсы және анальгетикалық әсерге ие, ауырсынуды және антипиретикалық әсері бар препараттар
-Фосфодиэстеразаның белсенділігін тежейтін препараттар
-Фенилсірке қышқылының туындылары
-Оксикам туындылары
-Қабынуға қарсы стероидты емес белсенділігі әлсіз тобына жататын препарат
-ЦОГ 2 белсенділігін тежеуші селективті қабынуға қарсы стероидты емес тобына жататын препараттар
-Кортикостероидтарды тағайындауға қарсы көрсетілімдер
-Глюкокортикостероидтарды тағайындаған кездегі тоқтату синдромы
-Кортикостероидтардың жанама әсерлері
-Қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың ақуыздармен байланысу
-Индометацин препаратының қарсы көрсеткіштері
-Глюкокортикостероидтың қысқа және ұзақ әсер ететін препараттар
-Нафтилпропион туындыларына жататын препараттар
-Кромогликат диатрий (интал) әсер ету механизм
-Анафилактикалық шок кезіндегі терапиялық шаралар кешеніне кіретін емдеу әдістері
-Кетотифеннің (задитен) әсер ету механизмі
-Адреналинді қолдануға арналған абсолютті көрсеткіштер
-Мес жазушалардың мембраналарын тұрақтандыратын препараттардың комбинирленген түрлері
-Эуфиллиннің әсер ету механизмі
-Недокромилді (мес жасуша мембранасының тұрақтандырғыштары) қолданудың негізгі көрсеткіштері
-Н1-гистамин рецепторларының блокаторларының жататын препараттар
-Қабынуға қарсы стероидты емес препараттары әсер етуінің негізгі механизмі
-Табиғи глюкокортикостероидтар
-Глюкокортикостероидтардың қабынуға қарсы әсер ету механизмі
-Ішке қабылдаған кезде глюкокортикостероидтар сіңірілуі
-Ацетилсалицил қышқылының антиагрегантты әсер ету механизмі
-Ең жоғары гастроуыттылыққа ие препарат
-Глюкокортикостероидтармен емдеудегі орынбасушы терапия
-Жедел және созылмалы подаграда қолданылатын препараттар
-Ревматоидты артритті емдеу үшін қолданылатын препараттар
-Остеоартроздың емі
-Иммуннодепрессанттар қолдану көрсеткіштері
-Жүйелік склеродермия туралы түсінік
-Жүйелік склеродермияның емі
-Жүйелі қызыл жегінің емі
-Подагра ауруында тиазидті диуретиктерді қолданғандағы асқынулар

4

Қан тамырларының тонусын жоғарылататын және төмендететін препараттарды қолданудағы клиникалық фармакологияның заманауи тәсілдері.

-Ангиотензинге айналдырушы фермент ингибиторына жататын препараттар және әсер ету ұзақтығы
-Әсері айқын диуретиктер
-Натрий, калий, хлор және фосфор иондарының ағзадан шығарылуына ықпал ететін диуретиктер
-Ілмектік диуретик тобына жататын препараттар
-Бронх демікпесі бар науқастағы артериялық гипертензияның емі
-Спиронолактон, эплеренон және амилорид препараттары
-Жедел коронарлық синдромды емдеу үшін қолданылатын препарат
Тұрақты стенокарщдияның емі
-Статиндер тобына жататын препараттар
-Артериялық гипертензияның емі
-2 типті қант диабеті бар науқастағы артериялық гипертензияның емі
-Оральді контрацевтивтердің артериялық қан қысымға әсері
-Климактериялық бұзылыстың және остеопороз кезіндегі артериялық гипертензияның емі
-Эналаприлді қолдануға қарсы көрсеткіштер
-ГМГ-редуктаза ферментін тежейтін препараттар
-Орталық әсер ететін антигипертензивті препараттар
-Кальций каналдарының баяу тежегіштерінің жанама әсерлері. Фенилалкинамин, бензотиазепин, дигидропиридин туындылары.
-Антиагреганттар
-Антиангинальды препараттар
-B-блокаторларды тағайындауға қарсы көрсеткіштер
-Нитраттар
-Кандесартанның әсер ету механизмі
-Фозиноприлдің гипотензивті әсер ету механизмі
-Қан қысымын ұзақ уақыт бақылау үшін қолданылатын диуретиктер
-Артериалдық гипертензия кезінде комбинация жасауға болмайтын препараттар
-Ангиотензин 2 рецепторын блоктайтын препараттар

5

Қанның ұю жүйесіне әсер ететін дәрілік заттарды қолданудағы клиникалық фармакологияның заманауи тәсілдері. Антиангинальды және гиполипидемиялық
препараттар.



-Осмотикалық диуретиктер
-Нефротикалық синдромның емі
-Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің емі
-Созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқаста креатинин клиренсі 60 мл/мин кезінде емдеу ерекшеліктері
-Ең күшті диуретикалық әсері бар препарат
-Шумақтық фильтрация жылдамдығы 30 мл/мин-ден аз пациентте ісінуді емдеуге арналған оңтайлы диуретик
-Калийді, магнийді шығаратын және кальцийді сақтайтын диуретиктер
-Тиазидті диуретиктерді қолдануға арналған көрсеткіштер
-Карбоангидраза ингибитор тобына жататын препараттар
-Дәрілік заттардың нефроуыттылығының күшеюіне ықпал ететін факторлар
-Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі анемияны түзету үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер
-Препараттардың бүйрек клиренсіне әсер ететін факторлар

6

Бронхтың өткізгіштігіне әсер ететін дәрілік заттарды қолданудағы клиникалық фармакологияның заманауи тәсілдері. Қабынуға қарсы асматикалық, қақырық түсіретін, жөтелге қарсы дәрілік заттар.

-Сальбутамол әсерінің максималды ұзақтығы
-Салбутамолдың әсер ету механизмі
-Бронхтық демікпенің 5 саты бойынша емі
-Муколитиктер
-Ауруханадан тыс пневмонияның емі
-М-холиноблокаторлардың әсер ету механизмі
-Обструктивті бронхиттың емі
-COVID-19 инфекциясының инкубациялық кезеңі
-Ковид 19 кезінде ең жоғарғы тиімділігін көрсеткен глюкокортикостероид
-Ковид 19 ауруында (цитокиндік шторм) қолданылатын интерлейкин 6 рецепторының ингибиторына жататын препарат
-Астматикалық статусты емдеу тактикасы
-Астматикалық статус кезінде β-адреномиметиктерді енгізудің негізгі қауіптілігі
-Тровентолдың (холиноблокатор) теофиллинмен әрекеттесуі
-Беродуалды (ипратропия бромид) енгізу жолдары және әсер ету механизмі
-Ингаляциялық глюкокортикостероидтардың жанама әсерлері
-Сальбутамолдың (беротек) әсер ету механизмі
-Бронх демікпесінің ұстамасын тоқтату кезінде қолданылатын препарат
-Мукалитиктердің антиоксиданттық қасиеті бар препарат
-Ұзартылған β2–адреномиметиктер
-Аминофиллин (эуфиллин) сипаттамасы
-Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ауыр асқыну кезінде тағайындауға қарсы көрсетпе

7

Асқорыту жүйесі ауруларында дәрілік заттарды қолданудағы клиникалық фармакологияның заманауи тәсілдері.

-Н2-гистаминді блокаторлары
-Антацидтер
-Протон насосының спецификалық тежегіштері
-Ферментативті препараттар
-Helicobacter pylori кезіндегі эрадикациялық терапия
-Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруының емі
-Демеуші терапияда қолданылатын препарат
-Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарының асқазан ішек жолына әсері
-Пробиотиктер
-Асқазан ішек ауруларында қолданылатын пленка түзетін дәрілер
-Созылмалы панкреатиттің емі
-Он екі елі ішект ойық жарасының емі
-Өт тас ауруының емі
-Созылмалы гастриттің емі
-Өт жолдарының гиперфункционалды дискинезиясы кезіндегі қолданылатын препараттар
-Өт коликасының ұстамасын басуға арналған препараттар
-Ең аз ульцерогенді әсері бар қабынуға қарсы препарат
-Гепатопротекторлық қасиеттері бар препараттар
-Қабынуға қарсы стероидты емес препаратының ульцерогендік әсерін тежейтін дәрілік зат

8

Эндокриндік жүйеге әсер ететін дәрілік заттарды қолданудағы клиникалық фармакологияның заманауи тәсілдері. Ұйқы безі мен қалқанша безінің дисфункциясын емдеудегі препараттар.

-Per os тағайындаған темір препараттарының жағымсыз әсерлері
-Темір тапшылықты анемияның емдеуге қолданылатын дәрілер
-В 12 тапшылықты анемияның емі
-В12 витаминін сіңіру үшін қажетті фактор
-Қан кету кезінде қолданылатын препарат
-Апластикалық анемияға әкелетін препараттар
-Темір препараттарын парентеральді енгізу көрсеткіштері
-Темірдің парентеральді препараттарымен емнің басында анықталуы тиіс қанның биохимиялық талдауының көрсеткіштері
-Темір препараттарының сіңуін баяулатады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет