Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу нәтижесінде білімгерлердің алған білім сапасын арттырудағы компьютерлік технологиялардың маңыздылығы анықталды. Бұл деңгейлердің сипаттамаларын оқу орындарының мұғалімдерін, психологтарын, сонымен қатар білім мекемелерінің мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға болады. Кейбір ұсыныстар мен тұжырымдарды білім беру мекемелерінің оқу тәрбие жүйесінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар: Білімгерлерді білім, білік, дағдыны меңгеру үшін компьютерлік технологиялардың тиімділігі;