Білім беру бағдарламасы: 7М01101 Педагогика жєне психология


Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі



бет5/6
Дата07.04.2022
өлшемі116,63 Kb.
#138221
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
иманбаева доклад

Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі:
Білімгерлердің оқу  тәрбиесінде компьютерлік технологиялардың жолдарын педагогикалық бақылауы, сонымен қатар эксперементті  психологиялық әдістемелер жиынтығын таңдаумен негізделді. Жиналған барлық мәліметтерді сандық және сапалық талдау жүйесінің өзара байланыстылығымен, статистикалық әдістерді қолданумен қамтамасыз етілді.
Диссертация жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі баяндалады.
«Заманауи білім берудегі компьютермен оқыту технологиясының ерекшеліктері» атты бірінші тарауда компьютермен оқыту технологиясын пайдаланудың түрлі мәселелерін, компьютермен оқытутехнологиясын тиімді құрал ретінде анықтап, компьютермен оқыту технологиясының оқу танымдық іс-әрекетте қолданылуын қарастырдым.
«Оқу танымдық іс-әрекетте компьютермен оқыту технологияларын басқарудың тиімді жолдары»  атты екінші тарауда, компьютермен оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттерін басқарудың шарттарын және басқару жолдарын іздестірдім.
Үшінші тарау тақырып аясында жүргізілген іс  тәжірибе жұмыстарының барысы мен қорытындыларынан тұрады. Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми  әдістемелік ұсыныстар беріледі. Қосымша сапалы білім беру жүйесі білімгерлердің білімін жан  жақты жетілдірудің ережелері мен әдістемелік нұсқаулар, оқу  әдістемелік кешендер, оқытудың белсенді әдістемелері, ереактивтілікті дамыту технологиялары мен тест тапсырмаларының бағдарлық кешені ұсынылады.
Қорытындыда үш бөлімнің зерттеу нәтижелері мен ұсыныстары қарастырылған.

Компьютермен оқыту технологиясы келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы аса мол. Білім беру үрдісін жаңарту - компьютермен оқыту технологиясын пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.


Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- компьютерлендіру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі- қоғамды компьютерлендіру болатын жаңа кезеңіне енді. Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан- жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік- экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.
XXI ғасырда компьютермен ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру сласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқы үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Егеменді еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. XXI ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі компьютермен оқыту технологиясы» ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, қазіргі ақапараттық оқыту технологиялары, компьютерлік оқыту технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімімен тек өз пәнінің терең білгілері болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық әдістердің және компьютерлік құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде компьютермен оқыту технологиясын пайдалану заман талабынан туындап отыр11.
Компьютерлік оқыту технологияларын пайдалаудың басты мақсаты - оқушылардың оқу пәнін толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Компьютермен оқыту технологиясын оқу барысында компьютерді пйдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды интерактивті тақтаны қолдануға, интерннетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдармаларына негізделеді. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасауға болады.
Сонымен қатар, білім беру сласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, телеконференция, бейнеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асыруда. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымыздың әлемдік білім мен ғылым жетістерінен хабардар болып, оларды игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Заман ағымына қарай күнделікті сабақта бейне, аудио қондығылары мен интерактивті тақтаны, клмпьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.
Қазақстанның тәуелсіз мемелекет ретінде қалыптасуы орта білім б,еру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты, Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығымен өсуіне, рухани әрі мәдени дамуныа басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да мектеп, Компьютерлік технологияны оқу- тәрбие үрдісінде қолдану тек оқушының шығармашылық шабытын шындап қана қоймай, ғылыми көзқарасын да қалыптастырады. Әрі мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға саплаы білім беру үщін технологияларды пайдалана отрырып, сонымен қатар компьютерді, итеркативті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушыларды қызығушылығын арта түсері анық.
Компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ған еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтепберетін алдыңғы қатарлы мемелекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілеттің жететініне сенім мол. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технлогиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа бідім беру қажет» деп елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында компьютермен оқыту технологиясын оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Компьютерлендіру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгертіп отыр. Мектептің білім бері саласында ақапараттық технологияны пайдарану арқылы білімнің сапссын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелігі бірнеше оқу- әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселердің шешемін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

  • Оқу үрдісінде Компьютерлік технологияларды іске асырудың жүйені ғылыми-әдістемелі жолын аңықтау;

  • Оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде компьютерлік технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

  • Мұғалімдердің компьютермен оқыту технологияларын меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

  • Оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін компьютерлік технологиялардыпайдалануға үйрету;

  • Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту12.

Компьютермен оқыту технологиясын бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді компьютерлендіру, білім салаларының барлық қызметіне компьютермен оқыту технологиясын енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Компьютермен оқыту технологиясы электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құраларын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Компьютерлік қоғамның негізгі талабы  оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық  құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалаптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік  ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалаптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Сабақ беру үдерісінде мынадай негізгі факторлар басшылыққа алынады:

  • Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігі;

  • Жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу;

  • Ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар беру;

  • Қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру;

  • Оқушылардың теориялық  практикалық сауаттылығын арттыру13.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік  экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді14.
Оқушылардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез  келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез  келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы  ол баланың өзін  өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс  тәсілдерді іздейді. Мәселелерді өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы, оқу әретінде белгілі бір ережені меңгеретін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың көп тәсілдері бар.Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік  экономикалық өмірдегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуі, оның қозғаушы күші болып отырған жастарға білім беру ісінде өткен тарихи тәжірибелерді ой  елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолдану болып табылады. Сондай жетістіктердің бірі  ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы оқушылардың танымдылық белсенділіктері бойынша толық білім сапасынан және оны практикада пайдалана білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Сонымен қатар ақпараттық технологияларда әр түрлі дидактикалық әдістерді пайдаланудың өзіндік бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері бар. Оқушыларға рухани, эстетикалық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамытуда жаңа технологияны және белсенді әдістерді қолданудың заман талабы екені белгілі. Өткені олардың білім мекемесіндегі жұмыс сапасының кепілі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Ұлы ғалымдар, педагогтар әлФараби,Я.А.Коменский, И.Г.Песталоций, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский, Ы.Алтынсарин оқытудың негізінде оқушылардың ой дербестігін арттыруға, оларды өздігімен білім алуға үйретуге ерекше көңіл аударған.
Қазіргі заман талабының мақсаты Компьютерлік технологиялардыбілім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде пайдалану арқылы Оқушылардың танымдылық белсенділігін дамытудың ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу болып табылады. Соңғы жылдары қоғамда болып жатқан ғылыми жаңалықтар мен білім беретін мекемелердің дамуында оң өзгерістердің көбеюі олардың өмірмен байланысының нығаюы сияқты факторлардың ықпалы зерттеушілер мен әдіскерлердің танымдық белсенділікті дамыту теориясына деген ықпалын күшейте түсуде.
Білім берудің компьютермен оқыту технологиясын меңгеру – қазіргі заманның талабы болып табылады. ХХІ ғасыр – компьютермен оқыту ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесінің дамуында компьютермен оқыту технологиясының маңызы өте зор. Оқыту жүйесін компьютерлендіру және пәндерді ғылыми және технологиялық негізде оқыту алға қойылған негізгі мақсаттардың бірі. Компьютерлендіру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, сонымен қатар әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеттері болып табылады. Ал қоғам болса, бүгінгі таңда компьютерлендіру үдерістерінің қарқынды дамуы жан-жақты болып, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етуде.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік оқыту, қашықтан оқыту, Компьютермен оқыту технологиясын енгізу және тиімді пайдалану міндеттері қойылған.
Бүгінгі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізіліп отыр. Компьютерлендіру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білімнің, біліктіктің, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде болып табылады.
Электрондық оқулық  ақпараттың толық, тиімді, көрнекі түрде ұсынылған әдіс әрі кәдімгі оқулықтардан ақпаратты көшіруге,көбейтуге, таратуға болатын үлкен мүмкінділігімен ерекшеленеді. Яғни, электронды оқулықтардың негізгі дыбыстық үзінділерден және видеоүзінділерден тұратындықтан оларды дайындалуы қиын болғанымен, тілмей жетпейтін кезеңдер оңай түсіндіріледі. Бұл да бір негізгі ерекшелігі болып табылады.
Жаңа компьютермен оқыту технологияларының пайда болуына байланысты жаңа әдістер мен жаңа білім беру жүйесінде осындай оқулықтар қалыптасты. Егер де материал дыбыстық болса, онда адам оның ¼ есте сақталады, ал егер де ақпарат визуалды түрде болса есте қалады. Ал егер де аралас әрекет түрлері қолданылса, онда жартысына дейін есте сақтау жоғарлап, сонымен қоса оқу үдерісінде белсенді әрекет жасаса, онда материалды 75% дейін игере алады61.
Коммуникация желістерінің қазіргі заманға сай өркендеуі адамзат санасына білім берусаласында жаңалықтар ашылып, білім беруде жаңа мақсаттар қойылды. Оның шешімі атқарылатын жұмыстың маңыздылығы болып табылады.
Оқулықтардың мүмкінділіктері төменде көрсетілген:

  • ақпаратты заман талабына сай мультимедиа әдіспен таратуды анимациялық әдіспен бағдарламаға қосылуы;

  • білімді тексерудің интерактивті құралдарын және өзін  зі тексеру мүмкіндігі;

  • электрондық тәсілді дискетаға түсіріп, үйдегі компьютерде қолдануға немесе электронды кітап бағдарламасы қойылса, онда емінеркін кіріп қолдану мүмкінділігі.

1 кесте Электронды оқулықты пайдаланудың тиімділігі мен тиімсіз жақтары.



Электронды оқулықтардың тиімді жақтары

Электронды оқулықтардың тиімсіз жақтары

- Оқушының уақытын үнемдейді, яғни қажетті материалды іздеп отырмайды.
- Оқушы оқулықты қажет етпейақ кез келген мәліметтерді алады және оқып үйренеді.
- Тақырып қиын болған жағдайда қосымша бейнехабар немесе аудиохабарларды қолданады.
- Таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіндігі бар.
- Сарамандық жұмыс түрлері жылдам түсіндіріледі.
- Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтылған.
- Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждылық азаяды.
- Оқытушы әр оқушымен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады.
- Оқушының ой өрісін әрі дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.
- Зерттеушілік қабілеті бар тұлғаларды қалыптастырады.
- Білімдерін бағалау әртүрлі тестілергі даярлаудағы тиімділігі жоғары.

- Педагогикалық және психологиялық талаптардың жоқтығы.
- Пән аралық байланыстардың аздығы.
- Көрнекіліктердің біріңғай таңдалуы.
- Оқудағы мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.
- Оқушының жеке ерекшелігі мен денсаулығы ескерілмеген.
- Берілген материалдардағы санитарлық нормалардың сақталмауы.
- Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі, яғни тірі қарымқатынасқа түсе алмауы.

Мультимедиалық технологиялар деп бейнелік және аудиоэффектілік, сонымен қатар әр түрлі мультибағдарламалық мүмкіндіктерді интерактивті бағдарламалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдерін айтады.


Мультимедиа құралдары: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық  бағдарламалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады.Мультимедиа технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу кұралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп қолданылады және мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютермен оқыту технологиясыын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосуда.
Білім беруде мультимедиалық электрондық басылымдарды дайындауда MS FrontPage, Macromedia Directir, Dream Weaver, Flash және 3D Studio Max бағдарламалардың өнімдері пайдаланылады. Microsoft және Adobe компаниялары электронды оқулықтарды оқуға арналған арнайы бағдарламалық жабдықтар жасап шығарды.
Электрондық басылымдарды пайдаланушыларға жеткізуге арналған (CD-ROM, DVD) негізінен компакт-дискілер пайдаланылады.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесін компьютерлендірудің негізігі мақсаты  заман талабына сай, ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес білімгерлерді қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық және тиімді түрде араластыру болып табылады. Оқытуды компьютерлендіру ісі жаңа оқыту технологияларын пайдалануды талап етеді, яғни оларға барлық жоғарыда көрсетілген жаңа ақпарараттық және коммуникациялық технологиялар жатады.
ҚР білім беру жүйесін компьютерлендіру тұжырымына сәйкес компьютерлендіру ісінің негізінде «білім» ұғымы жатыр және осыған орай бұл ұғымның төмендегідей құрама бөлімдері бар:

  • білімді бағалы зат ретінде қарастырылуы;

  • білімді тұтас жүйе ретінде қарастырылуы;

  • білімді үдеріс ретінде қарастырылуы;

  • білімді алынатын нәтижелер ретінде қарастырылуы.

Мұндай көзқарас оқыту жүйесін қайта құру ісінің оқытушылардың кәсіби шеберлігін және білім орталығының білім беру сапасына тәуелді болатыны анық. Білім беруде компьютермен оқыту технологиясынпайдаланудағы педагогикалық мақсаттар мынадай:

  • Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру;

  • эстетикалық тәрбиелеу;

  • қарымқатынас, сөйлесу қасиеттерін дамыту;

  • тиімді шешім қабылдауды және күрделі жағдайларда бірнеше шешімдерді қабылдайтын нұсқасын ұсынуды қалыптастыру;

  • ғылымитәжірибелік қызмет жүргізуге үйрету және дамыту;

  • ақпараттық мәдениетті, сонымен қатар ақпаратты өңдеу ісін жүргізе білуді қалыптастыру;

  • білім саласында қажетті мамандарды даярлау;

  • жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын қолдана білуді үйрету;

  • жаңа ақпараттық технология құралдарының мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы оқыту үдерісінің тиімділігі мен сапасын көтеру;

  • Оқушылардың танымдық қасиеттерін жетілдіруге қажет ынталандыру істерінжүргізу және қамту;

  • әр саладағы мәселелерді шешудегі қазіргі кездегі қолданылып жүрген ақпарат өңдеу құралдары арқылы пәнаралық байланысты тереңдету және дамыту.

Жеке бір оқытушының ісі арқылы аталған мақсаттарға қол жеткізу қиын және оларды орындау үшін білім берудегі барлық педагогикалық ұжымның жүйелі түрде жұмыс жүргізуі керек.
Бүгінгі таңда Оқушылардың өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа Компьютермен оқыту технологиясын пайдалану әрі оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті мәселеге айналып отыр.
Жаңа компьютермен оқыту технологиясын ң негізгі тиімділігі ол оқытушыға оқу үдерісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге және оқытудағы пәнаралық байланыстарды күшейте отырып, Оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, жеке қабілеттерін көре білу және оны дамытуға толық жағдай жасау64.
Сонымен қатар жаңа компьютермен оқыту технологияларының ерекшелігі  бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыстармен шұғылдануға, сонымен қатар ізденуге, өз жұмысының нәтижелерін көріп, өзіне өзі сын көзбен қарауы мен жеткен жетістерінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Жаңа компьютерлік өзара ықпал технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру оқыту әдісін байытады, білім сапасын арттырады, оқытудың ұйымдық түрлерін және тәсілдерін дамытып жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденген. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақты зор ақпараттық демократиялық қоғаммен зиялы қарымқатынасқа оқытуға және тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Жас ұрпақты оқытуға, тәрбиелеуге жаңа көзқарас пен жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар керек, педпгог рөлін арттыратын үдеріс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагогинформатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналаған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілуі керек. Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі таңда білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу тіпті мүмкін емес.
Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызығушылығын арттыру үшін, жалпы алғанда ең бірінші білімгерлер неге қызығатынын анықтап алып, содан кейін басқару керек»,  дейді65. Оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты және бейнелі түрде түсіндіруге Оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс.
Педагогикалық технология жастарға әсер ету тәсілдері ішінен педагогикалық тұрғыдан пайдалы саналады және практикада тиімді түрде қолдану мақсатында оқытушы таңдап алған, оған қажет болатын білім мен біліктілік және дағдылар кешені66.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері өте көп.
Сабақ  мақсат пен мазмұнды және танымдық қызмет, оны Оқушылардың өздері басқарады, яғни сабақ үстіндегі ісәрекеттер мен оларды ұйымдастыру жағдайлары өзара байланысқан әрі қалыптасқан тұтас динамикалық жүйе67. Әрине, көп жағдайда бұл динамикалық жүйе мен оның дамуы, ұйымдастырылуы оқытушының ісәрекетіне тәуелді. Сабақ  оқытушының шығармашылығы деп айтуға болады. Тіпті біріңғай технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ бір оқытушыда әртүрлі болып шығады. Кезкелген сабақтың анық мақсаты болуы керек.
Оқытушы алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан кейін қай және қандай әдіспен жүзеге асыратындығын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат және мазмұнмен анықталады, кездейсоқ таңдау мүмкін емес.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап өтуге болады:

  • пассивті білімгер оқытудың «объектісі» рөлін атқарады, яғни тыңдау және көру;

  • активті белсенді  білімгер оқытудың «субъектісі» болып шығады, яғни өздік жұмыстар, шығармашылық жұмыстар, лабораториялықпрактикалық жұмыстар;

  • интерактивті  өзара әрекеттесу, яғни оқыту процесі барлық Оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым  қатынасы арқылы жүзеге асырылады және бұл кезде білімгер мен оқытушы оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Компьютерлі оқыту моделін пайдалану  өмірлік жағдайларды моделдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды және мәселелерді бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесі кезінде қандай да бір қатысушысын немесе идеяны, яғни жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшелеуді шектейді және бұл моделге адамгершілік пен демократикалық жолмен келуді үйретеді68.
Компьютермен оқыту технологиясы  бұл ұжымдық, өзін  өзі толықтыратын барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үдерісіне білімгердің қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үдерісін ұйымдастыру.Сабақтың екінші бөлігі практикалық сабақ болып есептеледі. Бұл кезде Компьютермен оқыту әдісін барынша қолдануға болады.
Әр оқытушы өз бетінше сынып немесе топпен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Білімгерлер бір  біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететіп және жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады. Интерактивті сабақта шығармашылық шектелмейді және талдаулар мен ұсыныстар қарастылады. Компьютермен оқыту  танымдық әрекеттердің арнайы ұйымдастыру формасы және ол толық айқындалған, мақсатын алдынала болжауға болатын оқыту түрі. Мұндай мақсаттардың бірібілімгер өзінің жетістіктерін интелектуалдық белсенділігін сезетіндей және оқу үдерісін өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Компьютермен оқыту технологиясының мәні ол топтағы бардық білімгерлер таным үдерісімен қамтылады. Олар бұл кезде өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үдерісінде оқу материалдарын игеруде, Оқушылардың біріккен әрекеттері төмендегідей мағынаға ие болады: әр білімгер өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүзеге асады. Сабақтаға интерактивтік әрекет өзара түсіністікке және әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет тапсырманы бірлесіп орындауға алып кететін бұл ұйымдастыру және сұхбаттасып байланыс жасап дамытуды ұсынады.
Бүгінгі таңда әдіскерлер, шығармашылұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарып, олардың кең қолданыс алғандары  онлайн  кездесулер, «үлкен шеңбер», «аквариум», «мыймен шабуыл», «дебаттар» және т.б.Алдағы сабақтардағы білімдерді алған білімдері мен тәжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір мәселе толығымен талқыланатын болса , интерактивтік оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Сонымен қатар қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмауы керек. Оған мысал ретінде, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу керек немесе салық мөлшері қанша болу керек сияқты сұрақтарды топ алдында талқылаудың еш мағынасы болмайды. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар сұрақтардан мәселені кеңінен қойып көшуге мүмкіндік жасайтындай болуы қажет.
Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық пен процесуалдық және мотивациялық пен ұйымдастыру жақтарын бөліп қарастыруға болады. Осы жақтардың әр қайсысына біраз концепциялар сәйкес келеді.
Мазмұндық жағына  мазмұны қарымқатынас пен оқу материалдарын күрделендіру, басқа пәндерді кіріктіру мен дидактикалық біліктерді ірілендіру және т.б.
Процесуалдық жағына  программалау концепциясын мәселелік әрі Компьютермен оқыту т.б. жатады.
Мотивациялық  оқу барысын мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, сонымен қоса танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.
Ұйымдастыру  гуматинарлық педагогикалық идеялары мен педагогикалық еңбектестік концепциясы, оқу пәніне «шолу» (М.П.Щетини) және орталықтандырылған оқыту т.б. Оған мысал ретінде, мәселелік оқыту концепциясына мәселелік сұхбатасып оқыту, мәселелік  міндеттік, мәселелік  алгоритмдік, мәселелік  контекстік, мәселелік модульдік, мәселелік  компьютерлік оқыту.
К.Д.Ушинский былай деген: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді»69. Білім беру барысында Компьютермен оқыту технологияларының оқытудың дифференциалдық әрі жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Білім берудегі әлемдік талаптарды жүзеге асыра отырып, оқушыларға біртіндеп дүниежүзілік бірыңғай ақпараттық кеңістікке кіруге жол ашады.
Оқыту технологияларына негізделген әдістемелікдидактикалық материалдар жасап, оқушылардың білім беру процесін жетілдіріп, жаңа материалдарды игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер балаларға ақпараттықкоммуникациялық технологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, әрі қарай ЖООда да табысты түрде оқуға мүмкіндік береді.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын іске асыру жолындағы алға қойылған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің әдісқұрал түрлерінің бір тұтас жүйесі болып табылады70. Оқыту технологиясында мазмұн, әдісқұралдардың өзара байланыстары жатыр, яғни соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдісқұралдарды бағдарламамен қойылған педагогикалық міндеттерге сәйкес іріктей білу оқытушының педагогикалық шеберлігіне байланысты71.
Қазіргі заманғы оқытудың жаңа компьютермен оқыту технологиясыы педагогикалық және психологиялық ілімдері негізінде құрылған дамытушы әрі тұлғалық бағдарлы, сонымен қатар мақсатты технология болып табылады. Оқыту үдерісін технологияландыру басқа ойөріс талабына ғана негізделген радионалистік, басқаша айтқанда технократтық деп аталатын дидактикалық парадигмамен әдіснамалық байланыста. Педагог радионалистердің негізгі міндеттері болып оқу материалдарын меңгерудің неғұрлым тиімді тәсілдерін іздеу болып саналады72.
Компьютерлік технологияларды пайдалану өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады, оқу процесін жүргізуді қызықты етеді, шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын мүлдем жаңа мүмкіндіктерді туғызады.
Ақпараттық қоғамның дамуына байланысты білім орталақтарындағы қайта құру, оқытудың мақсатын, мазмұны мен тәсілін, компьютерлік технологияларымен оқыту үдерісін ұйымдастырылып, түбегейлі өзгертуді талап етеді. Оқытуды ізгілендіру, демократияландыру,саралау жаңа оқу мазмұнының ұстанымдары, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, алда қойылған педагогикалық мақсаттарға жетудің ең тиімді жолы болып саналады. Бұл мәселенің негізгі мазмұны ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру кезінде баланың өмірлік болмысын айқындау болып саналса, ал этнопедагогика  бұл баланың мінезін, қасиетін, ниетін мақсатын жіктеп әрі жүйелеп беру болып табылады73. Жоғарыда айтылған мәселелерді оқытудың жаңа талапқа сай ұйымдастыру барысында, сол пәннің мазмұнын, оқыту әдістемесін анықтағанда ескеретін мәселе болып табылады.
Оқутәрбие үдерісінде жаңа Компьютермен оқыту технологиясын пайдалану қажеттілігі бүгінгі күннің әлеуметтікэкономикалық талаптарынан туындап отыр. Біраз жылдар бұрын қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне компьютерлік технологиялардың жаңаша өзгерістер мен идеяларды қосатынына сенім мол, сонымен қатар компьютерлік технологияның бала тәрбиесіне әсерін зерттеу, оған бірге оның өз бетіндік танымдық ісәрекетін қалыптастыру педагогика ғылымының өзекті әрі маңызды мәселерінің бірі болып есептеледі.
Жаңа компьютермен оқыту технологиясы көмегімен білімгердің оқутаным үрдісінің талдауы да, өзіндік бағалауы да, өзінөзі бағдарлауы да дами бастайды. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына оқытушы көмектессе, компьютерлік технологияларды оқыту үрдісіне енгізу барысында компьютер білімгердің интеллектуалды дамуына игі әсерін тигізіп, «білімгероқытушыкомпьютер» байланысы пайда болып, жүзеге асады
Студент арнайы желі арқылы компьютерлермен байланысып тұрады. Тестілеу біткен кезде компьютер студентке қанша сұраққа жауап бергені (пайыз түрінде), жауап беруге қанша уақыт жібергені туралы және алған бағасы туралы хабарлама береді. Тест аяқталғаннан соң студент компьютерлеріндегі мәліметтер бас компьютерге жинақталып, дайын емтихан ведомосты шығарылады.
Тестік тапсырмалар жауаптарының берілуі сипатына байланысты ашық, жабық, сәйкестікке арналған және дұрыс жауабын тізбектей қоюға арналған тапсырмалар ретінде төртке бөлінетіні белгілі. Осы шарттар бағдарлама құрылғанда ескерілді, яғни студенттерге тест тапсырмалары берілген кезде осы төрт шартқа байланысты ауысып келіп тұрады126.
Тестік сұрақтар жиынтығы ғылыми - әдістемелік кеңестің шешімі бойынша 300 сұрақтан кем болмауы керек. Емтихан кезінде қоғамдық пәндер бойынша әр пәннен студентке 100 сұрақ, әр сұраққа 60 секундтан (1 минуттан) беріледі. Жаратылыстану пәндері бойынша әр пәннен студентке 50-80 сұрақ, әр сұраққа 180-300 секунд (3-5 минуттан) беріледі. Себебі, есеп-қисап жұмыстары ескерілген.
Тестік тапсырма экран бетіне шыққанда сұрақтардың нөмірі көрсетіліп тұрады, егер студент білетін сұраққа жылдам жауап берсе, онда оның үнемделген уақыты келесі берілетін сұраққа қосылып еселеніп отырады.
Бұл “test” тестілеу жүйесінің бір ерекшелігі, компьютерді пайдалануға дағдыланбаған кез-келген оқытушының пайдалана алуында, яғни пернетақтадан кез-келген редакторда тест сұрақтары мен жауаптарын компьютерге енгізе алса жеткілікті. Тағы бір ерекшелігі жаратылыстану, жоғары математика, жалпы физика, жалпы химия, физколоидты химия, органикалық химия және т.б. пәндерінен формулаларды, схемаларды, тізбектерді, түрлі-түсті суреттерді тестік бағдарламада шығаруға болады. Алдын ала пән оқытушылары арнайы графикалық редакторда формулаларды дайындап файл етіп жазып қояды. Тест өткізу кезінде тест сұрақтары мәліметтер қорынан кездейсоқ немесе арнайы таңдап алу негізінде автоматтандырылған болады [127].
Оқыту экспериментінің соңында жасалынған статистикалық талдау нәтижесінде кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыруда компьютерлік технологияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн эксперименттiк тексеру әдiстемелiк және тәжірибелік құндылықтарды көрсеттi.
Тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы үшінші (бақылау) кезеңінде қайтара жүргізілген сауалнама, сұхбаттасу, әңгіме жүргізу (қосымшалар а, ә, б) нәтижесінде студенттердің компьютерлік технологиялар бойынша білім деңгейі анықталды. Экспериментке 234 студент қатысты, оның 110-сі эксперимент тобында, 124-сі бақылау тобында.
Студенттердің кәсіби дайындығы (эксперименттің басы мен соңы) компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштерін кесте -ден, ал эксперимент жұмысының қорытынды динамикасын сурет , , -тен көруге болады.

3 – кесте. Студенттердің компьютерлік технологиялар арқылы білімдерінің даму деңгейінің көрсеткіші.



Компоненттер

Жұмыс кезеңі

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

Эт

Бт

Эт

Бт

Эт

Бт

Эт

Бт

Мотивациялық

Басы

-

-

18,79

18,28

34,64

38,39

46,57

43,33

Соңы

15,86

-

60,34

20,43

23,8

49,46

-

30,11

Мазмұндық

Басы

-

-

16,81

19,21

32,65

49,46

50,54

31,33

Соңы

12,87

-

59,52

22,58

27,61

48,39

-

29,03

Іс-әрекеттік

Басы

-

-

19,74

16,13

34,15

51,61

46,11

32,26

Соңы

12,97

-

58,34

21,51

28,69

50,53

-

27,96



Егер анықтау эксперименті барысында эксперимент тобында төменгі деңгейді 50,54% студент көрсетсе, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткен студенттер болмады; жоғары деңгейді алғашында ешбір студент
Көрсетпесе, эксперимент соңында олар 12,97% болды; жеткілікті деңгейді алғашында 19,74% көрсетсе, соңында 58,34% жетеді; орта деңгейді алғашында 34,15% көрсетсе, соңында 28,69% қалады. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болмады.
Қорыта айтқанда эксперимент тобындағы студенттердің даярлық деңгейлерінің бақылау тобына қарағанда күрт жоғарылап, төмен деңгейді көрсеткендердің болмауы студенттердің зерттеу проблемасының әдіснамалық, теориялық және практикалық негіздерін, "кәсіптік пән бойынша компьютерлік сауаттылық" атты арнайы курсы мазмұнын жақсы меңгергендігінің нәтижесі десе болады.



3– сурет. Компьютерлік технологияларды пайдаланып оқытудағы студенттердің білім компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері (%) (мотивациялық)
Ескерту – [автормен құрастырылған]



4 – сурет. Компьютерлік технологияларды пайдаланып студенттердің білім компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері (%) (мазмұндық)
Ескерту – [автормен құрастырылған]

5 - сурет. Компьютерлік технологияларды пайдаланып студенттердің білім компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері (%) (іс-әрекеттік)
Ескерту – [автормен құрастырылған]


Сонымен, педагогикалық эксперимент нәтижелері біздің бастапқы болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді. Педагогикалық эксперименттің нәтижесінде қойылған міндеттер толығымен шешімін тапты және тиісті қорытынды жасалды (қосымша в, г, д, е).
Білім беру курсының эксперименттiк бөлiмi мен басқа бөлiмдері бойынша бақылау жұмыстарының нәтижелерiн салыстыру студенттердің эксперименттiк материалды барынша жақсы түрде игергенiн көрсеттi.
Қосымшалар а және қосымша б-да келтірілген сауалнаманы студенттерге жүргiзу нәтижесiнде және оқытушылармен әңгiмелесу барысында студенттердің пiкiрлерi мен студенттердің бақылау жұмыстарының, орындаған жобалық жұмыстарының нәтижелерi, оқу-әдiстемелiк құралдардың тиiмдiлiгi тәжiрибе жүзiнде дәлелденді.
Сонымен, тәжірибелік эксперимент нәтижесінде педагогикалық зерттеу болжамы расталды. Бұл оқу мазмұнын саралау негізінде “компьютерлік сауаттылық” курсын оқытудың компьютерлік технологияларға негізделген оқыту әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік берді және студенттерді қазіргі компьютерлік технологияларды пайдалана білу мәселелерін шешуге дайындаудың әдістемесі – студенттердің кәсіби құзырлылығы деңгейінің жоғарылауына әкелді.
Оқушылардың биология сабағынан алған білім деңгейлерін саралай келе белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік деп ойлаймын. Сабақтағы топтық жұмыс арқылы тақырыпты терең меңгертудің негізгі ұстанымдары төмендегідей бағытта белгіленді:
- тақырыпқа сай баяндау, сол арқылы оқушының іздену белсенділігінің ұстанымы анықтау;
- қайталау, жаттығулар, сұрау-тапсырмалар арқылы қайталау, бекіту ұстанымы;
- өз әрекетін жоспарлау, өзіндік тұжырым жасай білу ұстанымы;
- интеграциялау, басқа пәндер негізінде алған білімін қолдана отырып, өз бетінше жаңа білім жинақтау ұстанымы.
Оқушылардың топтық және өздік жұмыстары арқылы олардың құзыреттілік толық жүйелі қалыптасқандығы айқындалды.
Тапсырмалар жүйесінің ыңғайлылығы сабақ уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Оқушының шығарманы талдау барысындағы оқу-танымдық әрекетінің белсенділігі, дербес әрекеті осындай әдеби жаттығулар, сұрау-тапсырмалар жүйесі негізінде дами түседі.

4 – кесте. Студенттер мен оқушылардың жалпы білім деңгейлерінің көрсеткіштері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет