Білім беру бағдарламасы: 7М01101 Педагогика жєне психология



бет6/6
Дата07.04.2022
өлшемі116,63 Kb.
#138221
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
иманбаева доклад

Деңгейлер

Жоғары

Орташа

Төмен

Экспериментке дейін

25%

30%

25%

Эксперименттен кейін

50%

45%

30%

Бұл кестені мынадай диаграмма түрінде көрсетуге болады.



6 – сурет. Студенттер мен оқушылардың жалпы білім деңгейлері.
Ескерту – [автормен құрастырылған]

Жалпы осы бөлімде компьютермен оқыту технологиясы арқылы оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттері анықталынып, жалпы қорытынды көрсеткіштері ұсынылды, сонымен қоса осы тақырыпты тереңірек ашу мақсатында тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Қолданылған зерттеу жұмыстары тәжірибеде оң нәтижесін берді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұсынылып отырған диссертациялық зерттеу компьютерлік технологиялар негізінде студенттердің оқу танымдық іс-әрекеттерін басқарып, қалыптастыру мәселесіне арналды.


Ұсынылып отырған диссертациялық зерттеу компьютерлік технологиялар негізінде студенттердің оқу танымдық іс-әрекеттерін басқарып, қалыптастыру мәселесіне байланысты төмендегідей қорытынды жасауға болады:
1) оқытуда компьютерлік технологияларды пайдаланудың теориялық, әдістемелік негіздерін анықтауда, философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау, кәсіптік білім саласы мамандарының кәсіби құзырлылығының құрамдас бөлігі болатын компьютерлік технологиялар бойынша құзырлылығын қалыптастыруға қатысты проблеманың зерттеу бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді;
2) компьютерлік технологияларды пайдаланып студенттерінің білім алу құзырлылығын қалыптастырудың құралдары, әдіс-тәсілдері айқындалды;
3) заманауи компьютерлік технологияларға қатысты өзгерістерге сәйкес студенттерінің білімдерін компьютерлік технологияларды пайдаланып қалыптастыру мазмұны мен әдістемелік жүйесі жетілдірілді;
4) компьютерлік технологияларды пайдаланып студенттерінің құзырлылығын қалыптастыруда жүргізілген зерттеу жұмысының барысында оқушыларға арналған мағлұматтар жоғары мектептердің оқу үдерісіне енді. Мұның өзі зерттеу нәтижелерінің еліміздегі барлық оқу орындарының білім беру жүйесіне ендіріліп, жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.
5) тәжірибелі-эксперимент нәтижесі оқушылардың білім алуы мен тәрбиелеу жұмыстарында компьютерлік технологияларды пайдалану үдерісінің әдістемелік жүйесін жетілдіру арқылы оқу-тәрбие үдерісіне енгізу кәсіби даярлауды іске асырудың жолы екендігін дәлелденді, сондай-ақ қомақты қордаланған теориялық жєне әдістемелік-тәжірибелік материалдар біз ұсынған зерттеу болжамымыздың дәйектілігін айғақтайды.
Зерттеу нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
- оқу үдерісіне «компьютерлік сауаттылық» атты арнайы пәнді ендіру қажет. Өйткені, ол студенттердің компьютерлік технологиялар бойынша білімін тереңдетеді, практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырады, ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеп, компьютерлік технологияны пайдалануда дайындығын белсендендіреді, ойлау қабілетін дамытады, кәсіби құзырлылығын қалыптастырып, жетілдіреді;
- кәсіптік білім мамандығының оқу жоспарындағы «компьютерлік сауаттылық» пәнініңоқу жүктеме сағаттары (кредиттері) біршама ұлғайтылса;
- кәсіптік білім саласы мамандардың компьютерлік-ақпараттық мәдениетін жетілдіру мақсатында инновациялық-ақпараттықтехнологияларды меңгеру үшін, шығармашылық пен зерттеушілік даярлығын қалыптастыруға бағытталған оқу бағдарламаларын, электронды оқулықтар мен электронды оқу құралдары, case технологиялары көптеп дайындалып оқыту үдерісіне ендірілсе.
Қарастырылып отырған мәселе күрделі, әрі терең болғандықтан, толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Келешекте білім мен тәрбиелеу деңгейін жетілдіру мақсатында компьютермен оқыту технологиясын пайдалану әдіс-тәсілдерін, кәсіптік қызметке байланысты мәселелерді компьютерлік модельдеу және т.б. проблемалар дербес зерттеуді қажет етеді.


Студент: Иманбаева Б.М

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет