Білім беру бағдарламасы: 7R01103 Жалпы хирургия Академиялық кредит/сағат: 16 /480 Тәжірибелік сабақтар 1,5/45 обөЖ 5/150



бет2/15
Дата27.10.2023
өлшемі95,64 Kb.
#188566
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Емханалық хирургия

1. Оқытушылар туралы мәлімет
1. Муканова Ұлжан Әбилбековнат – Хирургия және анестезиология-реанимация кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., профессор.
Байланыс ақпараты: «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы», №3 хирургия бөлімшесі, №1 оқу бөлмесі. Металлист көшесі, №1б. Тел. 8-777-098-00-75
2. Сатханбаев Аскар Зайдуллаевич - Хирургия және анестезиология-реанимация кафедрасының доценті, м.ғ.к.
Байланыс ақпараты: «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы №2 хирургия бөлімшесі, №1 оқу бөлмесі. Металлист көшесі, №1б. Тел. 8-701-758-83-80
Контактіге қажетті ақпараттар: кафедраның мекен-жайы (адрес, корпус, аудитория), телефоны, электронды адресі: № 1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасы, Металлистов көшесі 1-б, №3 хирургия бөлімшесі, №1 оқу бөлмесі, Телефон: 8-777 098 00 75; Электрондық мекенжайы: har-mktu@mail.ru
1.1 Пәннің саясаты: Университеттің «Оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің» 7 бабына сәйкес Резиденттердің сабаққа қатысуы міндетті. Резиденттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Резидент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген Резиденттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Резидент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан Резидентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол Резидент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет