2 Бағдарлама
2.1. Пәннің сипаттамасы
Резидент тері және тері асты қабаттардың, жұмсақ тіндердің жарақаттары кезінде алғашқы хирургиялық өндеу жүргізе алады. Күйіктер, үсіктер, тері мен теріасты құрылымдарының инфекциясы, сүйектердің, буындардың және де синовиальды қапшалардың қабынулары, аяқ-қолдың дегенеративті- қабынбалы аурулары, төменгі және жоғары қуыс вена жүйесінің жіті тромбоздық және қабынулы зақымданулары, жұтқыншактағы, сыртқы есту жолындағы және мұрын қуысындағы бөгде денелер кезінде амбулаториялық жағдайда хирургиялық көмек көрсетуді үйренеді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған:
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер
|
Оқытудың соңғы нәтижелері
|
Салыстырмалы үлестірілімі
|
Р1. Пациентке жетекшілік жасау
|
- медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті (ОН1);
|
0,2
|
Р2. Коммуникация және коллаборация
|
- пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті (ОН2);
|
0,2
|
Р3. Қауіпсіздік пен сапа
|
- медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті; (OН3);
|
0,1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |