Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет5/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Интернет көздері: 
16.
htth: //www.eti-deti.ru 
 


17.
htth: //www.defectolog.ru 
 
18.
htth: //www.satr.kz 
 
19.
htth: //www.school.edu.ru 
 
20.
htth: 
//www.invalid-detstva.ru 


Лекция тақырыбы: Жұлын. 
 
Дәріс жоспары: 
1.
Жұлынның құрылысы мен қызметі.
2.
Жұлын мен мидың өткізгіш жолдары.
1.
 
Жұлынның құрылысы мен қызметі. 
 
Жұлын омыртқа жотасындағы жұлын каналында орналасқан (3-сурет). Ми 
бағанының жалғасы бола отырып, жұлынның өзіне тән арнайы құрылысы 
болады. Жұлынның сыртқы түрі қалыңдығы 1,5 см жуық ақ бау тәрізді. Мойын 
және бел бөліктерінде аяқ-қолдың иннервациясына байланысты жуандаған 
жерлері бар. Жұлынның ұзындығы адамның бойына байланысты, орта есеппен 
40-45 см тең болады.
Жұлынның алдыңғы және артқы бетінде ұзына бойы салалары болады. 
Жұлынға сегменттік құрылыс тән. Әр сегмент, немесе кесінді, бір жұп нервке 
бастау береді. Барлығы 31 сегмент болады. Әр сегменттен қозғалтқыш 
(алдыңғы) және сезгіш (артқы) жұп жүйке түбіршектері болады. Осылай мойын 
бөлімінен 8 жұп, кеудеден – 12, белден – 5, сегізкөзден – 5 және құймышақтан 1 
жұп жұлын түбіршектері шығады.
3-сурет. Жұлын.
Қозғалтқыш және сезгіш түбіршектер жұлыннан шыққаннан кейін бірігіп
омыртқааралық тесіктерге бағытталады, онда сезгіш түбіршек жұлын түйінін 


(ганглий) құрайды. Алдыңғы және артқы түбіршектердің бірігуінен түзілген 
жұлын бағаналары омыртқааралық тесіктерден шыққан жерде мойын, иық, бел- 
сегізкөз өрімдерін құрайды, олардан қаңқа бұлшық еттерін жүйкулендіретін 
перифериялық (шеткі) жүйкелер тарайды. Мойын-иық өрімінен қол бұлшық 
еттерін жүйкелендіретін шынтақ, шыбық, орталық нервтері шығады. 
Белсегізкөз өрімдерінен аяқ бұлшық еттерін жүйкелендіретін шонданай, сан 
жүйкелері және басқа да жүйкелер шығады.
Жұлынның ішкі құрылысын көлденең кесіндісінен зерттеуге болады (4- 
сурет). Мұндай тілікті қарастыра отырып, жұлынның да ақ және сұр заттан 
тұратындығын көреміз. Тілікте сұр зат латынша Н әрпі немесе көбелек пішінді 
болады. Сұр заттың ортасында жұлын арнасы өтеді, ол мида кеңейіп, ми 
қарыншаларын түзеді. Сұр заттың шығыңқы жерлері жұлын мүйіздері деп 
аталады. Алдыңғы шығындылары жалпақтау және қысқалау болады, олар 
жұлынның алдыңғы мүйіздері деп аталады, артқылары – созылыңқы, олар 
артқы мүйіздері деп аталады, ал бүйір шығындылары бүйір мүйіздерін 
құрайды. Артқы мүйіздің төбесі ерекше майда жасушалар мен көп жағдайда 
миелинмен қапталмаған талшықтардан құралған, бұл түзіліс Роландо 
желатинозды заты деп аталады. Оған белдеулік аймақ жанасып жатыр. Артқы 
мүйіздің перифериясы бойымен шеткі аймақ (Лиссауэр зонасы) орналасқан.
4-сурет. Жұлын: 1-алдыңғы сезгіш түбіршек (талшық); 2-жұлын 
жүйкелері; 3-жұлын ганглийі, 4-артқы сезгіш түбіршек (талшық), 5- ақ 
зат, 6-орталық канал, 7-артқы будасы, 8-бүйір будасы, 9-алдыңғы 
будасы.


Артқы мүйізге артқы сезгіш түбіршектер кіреді, алдыңғы мүйізден бұлшық 
еттерге бағытталатын алдыңғы қозғалтқыш түбіршектер шығады. Бүйір 
мүйіздерде вегетативтік жүйке жүйесінің ядролары жатады.
Жұлынның сұр заты миелинді талшықтардан тұратын ақ затпен қоршалған, 
бұл талшықтар бағаналар деп аталатын ерекше будалар құрайды. Осылай, 
алдыңғы мүйіздер арасында алдыңғы бағаналар, артқыларының арасында – 
артқы бағаналар және алдыңғы мен артқыларының арасында бүйір бағаналар 
орналасқан. Бұл бағаналарда жұлынның өткізгіш жолдары өтеді, олар мимен 
байланыстыру сияқты күрделі қызмет атқарады. Өткізгіш жолдардың ішінде 
жоғары көтерілетін, немесе орталыққа бағытталатын (афференттік), сезу 
импульстарын перифериядан орталыққа өткізетін және төмен түсетін, немесе 
орталықтан шығатын (эфференттік), қозғалтқыш импульстарды қыртыс пен 
мидың басқа да бөлімдерінен жұлынға өткізетін түрлерін ажыратады. 
Орталыққа бағытталатын жолдар артқы және бүйір бағаналарда, ал орталықтан 
шығатындар – алдыңғы және бүйір бағаналарда өтеді.
Сұр заттың қызметі сезу импульстарын жұлынның қозғалтқыш 
рецепторларына өткізуде. Осылай, сыртқы орта тітіркенісі терідегі сезгіш 
рецепторлардың ұштарынан сезгіш жүйке арқылы омыртқааралық түйінге, ал 
одан кейін жұлынның артқы түбіршегі арқылы артқы мүйізіне беріледі. Сезу 
импульсының әрі қарай қозғалтқыш құралға (алдыңғы мүйізге) берілуі тікелей, 
немесе қосымша аралық нейрон арқылы жүзеге асады. Сезу импульстарының 
келіп түсуі нәтижесінде қозғалтқыш импульстар пайда болады, олар 
қозғалтқыш түбіршектер мен жүйкелер арқылы бұлшық еттерге бағытталады 
да, бұлшық еттер белгілі бір қозғалыстар жасайды. Осылайша, жұлын 
деңгейінде жұлын автоматизмдерінің бір түрі болып табылатын қарапайым 
рефлекторлық доға іске қосылады (5-сурет).
5-сурет. 
Рефлекторлық дөғаның схемасы. 1

рецептор; 2

нервтың сезімталдық талшығы; 3 –
сезімталдық нейроның денесі; 4 –


жұлының сезімталдық нейроны; 5 –интернейрон; 6 –
жұлының моторлық 
нейроны; 


эфференттік жол; 8 –
нерв
-
бүлшық ет синапсі. 
Рефлекторлық процесстің екінші жартысы жұлынның өткізгіштік қызметіне 
қатысты, ол буындардан, байламдардан, бұлшық еттерден келетін сезу 
импульстерінің әрі қарай жоғары көтерілетін (орталыққа бағытталған) жолдар 
жүйесі арқылы мидың қыртыс асты құрылымдары мен қыртысына берілуін 
жүзеге асырады. Қыртыстың жоғарғы бөлімі перифериядағы жағдай туралы 
сигналдарды осылайша алып отырады. Өз кезегінде ми қыртысы төмен түсетін 
(орталықтан шығатын) жолдар жүйесі арқылы шеткі қозғалтқыш рецепторлар 
мен бұлшық еттерге бағытталған кері импульстер жібереді. Жұлынның сұр 
затының ұзына бойымен бірқатар маңызды вегетативтік орталықтар 
орналасады. Осылай, жоғары мойын сегменттерінде диафрагма қызметін 
реттейтін орталықтар, VIII сегментте қарашықты кеңейтетін орталық жатады. 
Төменгі бөлікте (бел-сегізкөз) қуық пен тік ішектің, сонымен қатар жыныс 
мүшелерінің қызметін реттейтін вегетативтік орталықтар орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет