сыртына ағызып алады. Сонымен қатар артикуляциясы да бұзылып ауру адам
“П” және “Б” дыбыстарын анық айта алмайды.
VІIІ жұп – есту жүйкесі
екі тармақпен ішкі құлақтан басталады. Біріншісі –
жеке есту жүйкесінің өзі – лабиринттің ұлуында орналасқан спиральды жүйке
түйінінен шығады. Спиральды түйіннің
жасушалары биполярлы, яғни екі
бұтақты болады, және бұтақтардың бір тобы (шеткі) кортий мүшесінің түкті
жасушаларына бағытталады да, басқалары есту жүйкесін құрайды. Аралас есту
жүйкесінің екінші бұтағы вестибулярлық жүйке деп аталады, ол да ішкі
құлақтан, онда орналасқан вестибулярлық аппараттан шығады. Вестибулярлық
аппарат үш сүйек түтікшелерден және екі қапшықтан тұрады. Түтікшелердің
ішінде эндолимфа деген сұйықтық айналып жүреді, сұйықтықта отолиттер
деген әк тәріздес тастар жүзіп жүреді. Қапшықтар мен түтікшелердің ішкі беті
ішкі есту жолының түбінде жатқан скарпов жүйке түйінінен келетін сезгіш
жүйке ұштарымен қамтамасыз етілген. Осы түйіннің ұзын бұтақтары
вестибулярлық жүйке тармағын құрайды. Ішкі құлақтан шыққан кезде есту
және вестибулярлық тармақтары қосылады.
Аталған жүйкелер сопақша мидың қуысына кіріп, осында жатқан ядроларға
келеді, одан кейін қайтадан ажырап, әрқайсысы өз бағытымен кетеді.
Есту жүйкесі сопақша мидың ядроларынан
енді есту жолы деген атпен
шығады. Талшықтардың бір бөлігі көпір деңгейінде қиылысып, қарама-қарсы
жаққа өтеді. Қалған бөлігі құрамына басқа ядролық құрылымдардың (трапеция
тәрізді дене және т.б.) нейрондарын қосып ала отырып, өз жағымен жүреді.
Есту жолының бұл кесіндісі бүйір ілмек деп аталады, ол төртқыраттың артқы
қыраттары мен ішкі тізе тәрізді денелерде бітеді. Осы жерге қиылысқан есту
жолы да келеді. Ішкі тізе тәрізді денелерден есту жолының ішкі дорбадан өтіп,
есту анализаторының орталық ядросы орналасатын самай бөлікке баратын
үшінші кесіндісі басталады.
Есту жүйкесі мен оның ядроларының біржақты
зақымданған кезде зақым
тиген жағының кереңдігі дамиды. Есту жолдарының (жеке алғанда бүйір
ілмектің), сонымен қатар қыртыстағы есту аймағының біржақты зақымдануы
кезінде айқын білінетін есту бұзылыстары болмайды, қарама-қарсы жақтағы
құлақтың естуінің аздап нашарлауы байқалады (екі жақты иннервацияға
байланысты). Толық қыртыстық кереңдік тек сәйкес есту аймақтарындағы екі
жақты ошақтар болған кезде ғана орын алуы мүмкін.
Вестибулярлық жүйке вестибулярлық түйіннен басталып, есту бұтағымен
бірге біраз қашықтықты өткеннен
соң сопақша ми қуысына еніп, бұрыштық
ядроға келеді. Бұрыштық ядроның құрамына Дейтерстің бүйір ядросы,
Бехтеревтің жоғарғы ядросы және ішкі ядро кіреді. Өткізгіштер бұрыштық
ядродан мишықтың құртына (тісті және жабынды ядролар), жұлынға кіре
берісжұлындық және артқы ұзынша буданың талшықтарымен барады. Артқы
ұзынша буда арқылы ортаңғы мидың көз-қимыл ядроларымен байланыс жүзеге
асады. Көру төмпешігімен де байланысы болады.
Вестибулярлық аппарат, сонымен қатар вестибулярлық жүйкемен оның
ядролары зақымданған кезде тепе-теңдік бұзылады, бас айналуы, лоқсу және
құсу пайда болады.
Туғаннан дені сау сәби дыбысқа әсер етеді.
Қатты қоңырау, сылдырауық
дыбысына сәби көзін жұмады, маңдайын тыржитады жылау белгісі пайда
болады. Баланың тыныс алуы жиілеп, дыбыс шыққан жаққа басын бұруға
тырысады. Жаңа туған сәбиде вестибулярлы аппараттың қалыпты қызметі
айналмасы рефлекс сақталуынан байқалады. Айналғанда баладан айналу
бағытына қарама-қарсы жақта горизонталды
нистагм пайда болғанын
байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: