ТЖҚ - түйінді жалпы білім құзыреттер.
ТБҚ - түйінді базалық құзыреттер.
ТКҚ - түйінді кәсіптік өндіру (бейіндеуші) құзыреттер.
Түйінді құзыреттер
|
Құрамдас құзыреттер
|
ТЖҚ
|
ТЖҚ 1.Коммуникативтік құзыреттер:
-қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру,
-конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болу,
-көп мәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу
-басқа адамдармен қажетті байланыс орнату және қатынас жасауда түсінікте болу және қолдану
|
ТЖҚ 2. Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттер:
Қызмет пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру әдістерін қолдана отырып, келісілген шешімдерді қабылдау үшін жауапкершілік тарту қабілеті.
- Өз бетінше зерттеу жүргізу, заманға сай аппаратура мен есептегіш құралдарды қолдану қабілеті,
-ұжымда жұмыс істеу дағдылары, кәсіби тұрғыдан бейімделу қабілеті.
- Келіссөз жүргізу, коммуникация қабілеті, жобаларды басқару, мәселелерді шешу сияқты басқару дағдылары мен қабілеттерін және команда құрамында жұмыс істеу икемдігін, ұжымның шығармашылық қабілеттерін белсенді ету әдістерін, сондай-ақ абстрактты және жүйелі ойлау қабілетін көрсете білу.
|
ТЖҚ 3.Әлеуметтік-экономикалық құзыреттер:
Адам құқықтары (білім беру мен баланы қорғау аясындағы халықаралық нормативті-құқықтық актілері мен Қазақстан Респубиликасының заңнамалары) саласындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін біліктері мен дағдыларын, меңгеру, кәсіби абырой мен педагог қадір-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығын әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеу.
|
ТБҚ
|
ТБҚ4.Құндылықтар мен мәдени құзыреттер:
- Ақпараттық технологиялар саласындағы қазіргі заманғы жаңа жетістіктер туралы, компьютерлік технологияларды, бағдаламалық қамтамасыз етудің, ақпараттық жүйелерді жетілдірудің жолдары мен тәсілдері туралы, еңбек нарығының заманауи талаптары туралы біледі.
-Технологиялар дамуының перспективалары мен тенденцияларын; қазіргі заманғы есептеу техникасы құралдарын, коммуникация және байланыс; техникалық құжаттаманы дайындаудың ережелерін, әдістері мен құралдарын; экономика негіздерін, өндірісті және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды, еңбек заңнамасының негіздерін біледі
|
ТБҚ 5. Ақпараттық-бақылау құзыреттер:
-Ақпараттық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, дағды мен қабілет арқылы ақпараттық мониторингті жүзеге асыру, бағдарламалық модулдердің іске асу жүйесін құрастыру, бағдарламалық модулдерді қолдану туралы нұсқаулар құрастыру, алынған нәтижелерді интерпретациялау, объективтілікке, дұрыс бақылау мен бағалауға талпыну.
-Ұйым қойған мақсаттар мен тапсырмалардың аясында еңбек қызметінің үрдістерін өзіндік басқару және бақылау қабілеті.
|
ТКҚ 6. Дамытушы құзыреттер:
Замануи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғарғы кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгере білу, педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылу.
|
ТКҚ
|
ТКҚ 7. Оқыту-тәрбиелеу құзыреттер:
Шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамытуды жоспарлау, математика-информатика ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алушы мамандарына қажетті практикалық , оқу және педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді қолдану, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға пәндерді саналы түрде саралау.
|
ТКҚ 8. Жүйелеуші құзыреттер:
Ақпараттық технология және байланыс коммуникация, есептеу техникасының заманауи құралдарының даму үрдістері жайлы білімді жүйелеу. - Аппаратты-бағдарламалық кешендерді тиімді іске асыру және объектілібағытталған бағдарламалау, жобалау, талдаудың практикалық дағдыларын меңгеру үшін бағдарламалау құралдарын, есептеу техникасы құралдарын қолдану дағдыларын түсінуі. - Ғылыми-педагогикалық қызмет, кәсіби қызмет, кәсіби қарым-қатынаста және мәдениет аралық коммуникациялар, ғылыми мәселелерді шешу сипаттарын түсіну.
|
ТКҚ 9. Ұйымдастырушы-әдістемелік құзыреттер:
Оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық, бақылау-өлшеу материалдары және т.б.) жетілдіру біліктері мен дағдыларын игеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті.
|
ТКҚ 10. Креативтік-зерттеушілік құзыреттер:
Шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психолгиясы саласындағы білімдерді меңгеру, кәсіби қызметті қайта қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және алтернативті шешім таба білу, біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысыдан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілетті болу;
|
Кесте 6.1 Бағдарлама мақсаттарын бітірушінің оқу нәтижелерімен сәйкестендіру
Бағдарлама мақсаттары
|
|
Оқу нәтижесі
|
М1: қоғамның әлеуметтік –экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстанның қазіргі заман тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, коммуникативтік қарым-қатынас құралы ретінде тіл үштұғырлылығын білу, салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде әлеуметтік –гуманитарлық білімді қамтамасыз ет.
|
ОН 1
|
Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсінеді және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсете алады.
|
ОН 2
|
Экономика және құқық, экология салаларындағы кәсіби дағдыларды, кәсіпкерлік пен көшбасшылық қабілеттерін, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін меңгереді.
|
ОН3
|
Заманауи ақпараттықтехнологияларды меңгеру, пайдалану арқылы ақпараттық сауаттылықты өз бетінше көрсете алу.
|
ОН 4
|
Кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қажетті қазақ, орыс және шет тілдерді игерген және конструктивтік сұхбат құра білуге дағдыланған және көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болады.
|
М2: Педагогикалық саладағы шы ғармашылық -практикалық білімді игерген және пәнді оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерген, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдана алатын, білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талдай және бағалай білетін, кәсіби-педагогикалық қызметін жүргізетін және педагогикалық процесте туындаған мәселелердің тиімді шешімін қабылдай алатын маман даярлау.
|
ОН 5
|
Қоғамдық пікірге, салт-дәстүрге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-мәдени құндылықтарды біледі және өз қызметінде қолдана алады. «Мәңгілік ел» жалпы халықтық идеясын кәсіби қызметінде жас ұрпақты тәрбиелеуде іске асырады.
|
ОН 6
|
Кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана алатын қабілеттілікке ие болады.
|
ОН 7
|
Білім беру мазмұнын жанартудың негізгі бағыттарын, педагогикалық кадрлардың кұзіреттіліктерін, білім беру процесін ұйымдастыру жолдарын меңгереді және білім беру процесінің мониторингі, бағалау критерийлері ерекшеліктерін болашақта кәсіби қызметінде қолдана біледі және жүзеге асырады.
|
ОН 8
|
..........................
|
М3: Пәндік саланы терең игерген, кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қабілетті, математика-информатика білім беру пәндері саласында жүйеленген білімді қалыптастыру және жалпы заңдылықтарды оқытудың инновациялық технологияларын қолдану жүргізе алатын, зерттеу нәтижесін кәсіби қызметінде пайдалана білетін маман даярлау.
|
ОН 9
|
Білім берудегі инновациялық технологияларды үйренуге және қолдануға қабілеттілік, педагогикалық қызметке жоғары қызығушылық, өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады.
|
ОН 10
|
Педагогикалық білім беру саласында авторлық жаңашыл идеяны іске асыру, альтернативті шешімдер табуға, педагогикалық идеялардағы жаңашылдықты туындату, сын көзбен ойлау білімдерін дамытуға қабілетті.
|
ОН 11
|
Білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға арналған оқу-әдістемелік жұмыстарды саралай алу дағдысына ие.
|
ОН 12
|
Педагогикалық, ғылыми зерттеулердің методологиясы мен әдістерін саралай алады және теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдана алу қабілеттілігі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |