МАҚСАТ-МІНДЕТІ
Бағдарлама мақсаты: бағдарламаны игеру процесінде игерген сөз техникасы мен логикасы, көркем сөз өнері, оқырмандық таным кеңдігі, жалпымәдени деңгейін көтеру бойынша білім, білік, дағдылары негізінде баланың көркем-эстетикалық, тұлғалық дамуын кемелдендіру, қалыптастыру.
МІНДЕТТЕРІ:
-қазақ әдеби тіл нормаларымен таныстыру, өз сөзін оның дұрыстығы тұрғысынан бағалауды қалыптастыру;
-ауызекі сөйлеу құралдарының мәнерлілігімен таныстыру, мәтін түрлері, сөйлесу жағдаяттарына қарай мәнерлеу құралдарын таңдапу біліктілігін қалыптастыру, өз сөзін оның мәнерлілігі мен харекеттілігін тану тұрғысында бағалау біліктілігін қалыптастыру;
-қызмет түрі тұрғысындағы сөзбен таныстыру, сөйлеу, сөйлесу сөзін дамыту, өз сөзіне мақсат қою, жоспарлау, орындау, бақылау, талдау дағдыларын қалыптастыру;
-коммуникативті дағдыларын қалыптастыру, тілдесудің әр түрлі жағдаяттарында оларды қолдана білу, ұжымда жұмыс істей білу;
-балалардың шығармашылық қабілеттерін белсендіру, орындаушылық шеберлік дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу;
-тыныс алу және дауыс аппараттарын дамыту, сөз техникасының негіздерін үйрену;
-табысты сөз қызметтері үшін қажетті (көңіл аудару, жады, ойлау, қиял) психикалық процестерді дамыту;
-баланың жеке тұлғалық эмоционалдық құрылымын дамыту, эмоцияны сөз және ым-ишара арқылы білдіру сезімін дамыту;
-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, бастаған істі соңына дейін аяқтау, нәтиженің сапасына жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі
«ШЕБЕР СӨЗ» бағдарламасының орындалуы 1 оқу жылына есептелген, жас ерекшелігі – 8-16 жас. Аптасына 3 оқу сабақтары кіреді, бір күнде 2 сабақ өтеді.
Оқу сабақтарын өткізу формасы
Бағдарлама бойынша сабақтар топтық формада жүзеге асады. Сабақ 2 топқа жүргізіледі. І топ (кіші: 8-9 жас) және ІІ топ (ересектер 10-16 жас). Бір топта 15 баладан оқиды. Барлығы: 30 оқушы.
Сабақ ұзақтығы: 40 минуттан 2 сабақ – 80 минут
Сабақта топтағы оқушыларға жаңа теориялық және практикалық материал беріледі, өткен тақырыптар бойынша білімдерін жалпылау, жинақтау, ортақ репертуармен жұмыс, қорытынды және сынақ жұмыстары жүргізіледі. Оқу сабағы теориялық және практикалық болып бөлінбейді. Әр сабақта бір емес, бірнеше бағдарлама тақырыптары қарастырылады. Бағдарлама балалардың жеке ерекшеліктеріне қатысты вариативті қолдаунды болжайды. Сонымен қатар БЖШО қызметінің ерекшелігін, балалар құрамының ерекшелігін, әлеуметтік тапсырысты және жиналған жұмыс тәжірибемді ескеріп, репертуарлық мазмұны мен практикалық шығармашылық жұмыстарды қайта өңдеу мүмкіндіктерін қарастырады.
Оқыту әдістері
Алға қойған мақсатқа жету үшін және міндеттерін жүзеге асыру үшін келесі оқыту әдістері қолданылады:
-сөздік әдіс (әңгіме, сұхбат, түсіндіру);
-көрнекі әдіс (бақылау, жариялау (демонстрация);
-практикалық әдіс (шығармашылық және дауыс жаттығулары).
Достарыңызбен бөлісу: |