Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет15/63
Дата11.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#180664
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
5 (1)
тесты новые, правильные
№11дәріс
Дәріс тақырыбы
«Кӛбейту және бӛлу» тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдістемесі 
Дәріс мазмұны:

1.
Кӛбейту және бӛлу амалдарының мән-мағынасы 
2.
Кӛбейту және бӛлу амалдарының компоненттері мен нәтижелерінің атаулары
3.
Кӛбейтудің дербес жағдайлары.
1. Кӛбейту және бӛлу амалдарының мән-мағынасы нақты заттарды, суреттерді кӛрнекілік ретінде 
пайдаланып, қосу және азайту амалдары арқылы ашылады, сондай-ақ сәйкес «+», «-» таңбалары сияқты «·», 
«
:
» таңбалары енгізіледі. Мысалы,
А) 3 заттан 2 жерге қою, содан кейін 2 топты біріктіру, сонда 3 заттан 2 рет алғанда 6 зат болатынына 
кӛз жеткізу. Яғни, 3+3=6. 3·2=6 
Б) 6 затты алып 3 заттан 2 жерге қою, сонда 6-ның ішінде 3 екі рет болатынына кӛз жеткізіледі. 6-3-
3=0 6
:
3=2 


В) 6 затты 3 жерге әр бӛлікте 2 заттан болатындай етіп қою, сонда 6-ның ішінде 2 саны 3 рет 
болатыны анықталады. 6-2-2-2=0 6
:
2=3 
Осы білімді тиянақтай түсу мақсатында қосуға берілген мысалдарды кӛбейтумен, ал азайтуға 
берілген мысалдарды бӛлумен және керісінше, кӛбейтуге берілген мысалдарды қосумен, бӛлуге берілген 
мысалдарды азайтумен алмастыру мүмкін болатындай жаттығулар қарастырылады. Бұл жерде кӛбейту және 
бӛлу кестелері қарастырылмағандықтан, олардың нәтижелері сәйкес қосу және азайту амалдары арқылы 
табылады.
Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға берілген есептерге кері есептер құрастыру және шығару 
бӛлу амалының мән-мағынасын ашады. Мысалы, Дара затты кӛрсетіп, оны сатып алу үшін қанша ақша 
керек екендігі айтылады, яғни баға жайында қарапайым түсінік беріледі. Осындай затардың бірнешеуін 
сатып алу керек болса, барлық зат үшін қанша ақша тӛлеу керек екендігі кӛрнекіліктің кӛмегімен 
түсіндіріледі. Мәселен, 3 теңгеден 2 рет болса, онда 3+3=6. – есебі берілсе, онда 6 теңгеге 3 теңге тұратын 
неше зат сатып алуға болатыны немесе 6 теңгеге 2 зат сатып алынса, әр заттың неше теңге тұратыны
туралы кері есептерді шығарту арқылы бӛлу амалының мағынасы ашылады. Заттың құнын, бағасын және 
санын табумен байланысты есептер, сондай-ақ заттардың жалпы массасын, санын және бір заттың массасын 
табумен байланысты есептер ӛзара кері есептердің мысалдары болып табылады. Ӛзара кері есептерді 
қарастыру барысында кӛбейту мен бӛлу - ӛзара кері амалдар екені тағайындалады.
2. Сандарды және амал таңбаларын пайдаланып орындалған жазу - ӛрнек болып табылады. Амалды 
орындағанда шыққан нәтиже - ӛрнектің мәні деп аталады. 3·2=6 және 6
:
2=3 жазуларын пайдаланып
бірінші кӛбейткіш, екінші кӛбейткіш, кӛбейтінді, кӛбейтіндінің мәні, бӛлінгіш, бӛлгіш, бӛлінді, бӛліндінің 
мәні сияқты терминдер қосу және азайту амалдарын қарастырғанға ұқсан енгізіледі. Кӛбейтінді және бӛлінді 
нақты жағдайлардығы ӛрнектердің атаулары, кӛбейтіндінің мәні және бӛліндінің мәндері сәйкес 
жағдайлардағы ӛрнектер мәндерінің атаулары. «Кӛбейтінді» деп «·» таңбасы және сандарды, «бӛлінді» деп 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет