Білім беру бағдарламасы біліктілігі : 071101 2 Топограф-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстардағы өлшеуші*



бет3/32
Дата05.06.2017
өлшемі7,36 Mb.
#17936
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


Ескертпе:

* ТжКБ БЖМС сәйкес Оқыту жоспары үлгісіндегі міндетті болып оқыту пәндерінің тізімі саналады. Бақылау үлгісі (курстық жұмыстар, бақылау жұмыстары мен емтихандар саны), оқытылатын оқу пәндерінің тәртібі (курс бойынша бөлу) болжамды болып саналады, сондықтан жұмыс берушілердің талаптарына сай оқу үлгісінің, оқытылатын маманық ерекшелігіне, жергілікті және басқа да жағдайларға (жауапкершіліктерге) сай өзгеруі мүмкін.

** Білім беру мекемесі анықтайтын пәнге берілетін сағат саны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер циклінің сағат санын (25% дейін) қысқарту арқылы ұлғайтуға болады.

*** Ұсынылатын қорытынды аттестация үлгісі: біліктіліктер: 071101 2 – Маркшейдер және топографиялық-геодезиялық жұмыстардағы өлшеуші*, 071102 2 – Маркшейдер жұмыстарындағы тау жұмыскері* – арнайы модульдер бойынша кешенді емтихандар тапсыру (3.2, 3.3, 3.4); біліктіліктер: 071103 3 – Техник-маркшейдер – арнайы модульдер бойынша кешенді емтихандар тапсыру (12.4, 12.5, 12.7); біліктілік ******* – АБЖ тау- кен құралдарының кіші инженері – диплом жобасын қорғау.

0711000 – «Маркшейдер ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы мазмұны мен құрылымына арналған
ТҮСІНДІРМЕЛІК ЖАЗБА
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын қабылдап алудың, күндізгі бөліміндегі және жалпы орта білім базасындағы нормативтік мерзімі– 3 жыл 6 айды құрайды.

ТжКБ оқыту білім беру бағдарламасының мазмұны кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық пәндермен қоса, жоғарғы оқу орындарының 1-2 курстарындағы кәсіптік оқыту бағдарламаларын қамтиды. Аяқтағаннан кейін «АБЖ тау- кен құралдарының кіші инженері» біліктілігі тағайындалады.

Оқыту жоспарының үлгісі оқыту пәндерінің блогы ретінде құрастырылған, сондықтан оларды біріктіру арқылы жұмысшы, техник және кіші инженер біліктіліктерін алуға мүмкіндік береді. Бірінші курстан кейін студент еңбек нарығына «Маркшейдер және топографиялық-геодезиялық жұмыстардағы өлшеуші» біліктілігімен, «Маркшейдер жұмыстарындағы тау жұмыскері» ҰБШ 2-ші деңгейін алып шыға алады. Қорытынды аттестацияның ұсынылатын үлгісі – арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсыру (АП ОБҮ 3.2, 3.3, 3.4 қараңыз).

Ал 2 жыл 10 айдан кейін студенттің еңбек нарығына «Маркшейдер және топографиялық-геодезиялық жұмыстардағы өлшеуші», «Маркшейдер жұмыстарындағы тау жұмыскері» ҰБШ 2-3деңгейін және «Техник-маркшейдер» ҰБШ 4-ші деңгейін алып шығуға мүмкіндігі болады. Қорытынды аттестацияның ұсынылатын түрі – арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсыру (АП ОБҮ 12.4, 12.5, 12.7 қараңыз). Егер техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің немесе мамандарға тапсырыс беруші ұйымдардың пікіріне байланысты II курстың студенті сәйкесінше ҰБШ 3-ші деңгейін алуға тұрарлық болса, ТжКБ мекемесі 1 жыл 10 ай қортындысы бойынша қорытынды аттестацияны, біліктілікті арттыру және кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды (өндірістік оқыту мен тәжірибеге сағаттарды бөлу арқылы) ұйымдастырады және ҚР ҰБШ 3-ші деңгейі біліктілігі тағайындалады (071102 2 – Маркшейдер жұмыстарындағы тау жұмыскері).

3-курстың студенті қолданбалы бакалавриат бойынша білім алғысы келсе және академиялық үлгерімінің орта деңгейі төрт балдан төмен емес болса, онда ол білім беру мекемесінің басшысына өтініш жазады. Қарастырылған өтініштер негізінде 3 жыл 6 ай оқитын білім алушылардың тізімі анықталады.

4-ші курсты аяқтағаннан кейін студенттер ҰБШ 5-ші деңгейінің «АБЖ тау-кен құралдарының кіші инженері» біліктілігі тағайындалатын білім туралы диплом алады. Қорытынды аттестацияның ұсынылатын түрі – диплом жобасын қорғау.

Өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибені ұйымдастыруға:

– кәсіптік дағдыларды алу бойынша оқыту-өндірістік жұмыстары (өндірістік оқыту);

– кәсіптік дағдыларды алу мен бекіту бойынша оқыту-өндірістік жұмыстары («Жұмысшы мамандығын алу бойынша өндірістік тәжірибе» кәсіптік тәжірибесі, өндірісте оқыту);

– кәсіптік тәжірибе (технологиялық, диплом алды) жатады.

«Техник-маркшейдер» және «АБЖ тау-кен құралдарының кіші инженері» біліктіліктері бар мамандарға біліктілік мінездемесінің талаптарына сай тәжірибе түрлерінің ұзақтығы анықталады.

Оқыту тәжірибе мен өндірістік оқыту өндірістік оқыту шебері немесе оқытушының басшылығымен өндірісте, ресурс орталығында немесе арнайы маркшейдерлік-геодезиялық полигонда жүзеге асырылады.

Өдірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибенің мазмұны мен мерзімі жұмысшы оқыту жоспарлары және оқыту бағдарламалары арқылы анықталады.

Тәжірибеден өту барысында білім алушыларға разрядтар тағайындалатын бірнеше туыс біліктіліктерді: «Маркшейдер жұмыстарындағы тау жұмыскері», «Маркшейдер және топографиялық-геодезиялық жұмыстардағы өлшеуші» алуға мүмкіндік болады.

Кәсіптік тәжірибелер келісім шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынған ұйымдардың жұмыс орындарында жүргізіледі, және ол оқыту үдерісінде алған білімдерін бекіту мен кәсіптік дағды мен кәсіптік құзыретті алуға бағытталған.

ТжКБ білім беру мекемелерінің оқыту қызметіне білім беру бағдарламаларын енгізу кезінде дистанциондық оқыту технологиясы (бұдан әрі – ДОТ) қоданылуға болады.

ДОТ ТВ-технологиясы, желі технологиясы және кейс-технологиясы бойынша жүзеге асырылады.

ДОТ білім алушының қысқартылған білім беру бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін және жоғарғы білім базасында қолданылады.

Білім беру мекемелеріне міндетті түрде ДОТ қолдану арқылы жүзеге асырылатын оқыту жоспарының барлық пәндері бойынша электрондық оқыту-әдістемелік кешені болуы керек. Электрондық оқыту-әдістемелік кешенді даярлауды Оқыту бағдарламасының үлгісіне сай бекітілген оқу жұмыс бағдарламалары бойынша курсты құрастырған тарап жүзеге асырады.

ТжКБ білім беру мекемелері аталған білім беру бағдарламасы бойынша модулдік оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болады.

Модулдік оқыту бағдарламасы – бір мамандық шеңберінде кәсіби қызметтің белгілі бір жұмыс түрлерін орындау үшін қажетті білім, білік пен құзыретті меңгеруге бағытталған білім беру бағдарламасының бір бөлігі екенін ескерсек, білім беру бағдарламасының әр модулінің мазмұны алынған құзырет, оқыту нәтижесі мен бағалау критериі көрсетілген, оқытудың аяқталған бөлек кезеңі түрінде беріледі.

МОДУЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР МАЗМҰНЫНЫҢ СИПАТЫ
Мамандық: 0711000 – Маркшейдер ісі

Біліктіліктер: 071101 2 – Маркшейдер және топографиялық-геодезиялық жұмыстардағы өлшеуші*

071102 2 – Маркшейдер жұмыстарындағы тау жұмыскері*

071103 3 – Техник-маркшейдер

******* – АБЖ тау-кен құралдарының кіші инженері


Базалық құзыреттерҚ)
БҚ 1 Тұлғааралық және қарым-қатынастық әрекет ережелерін орындау, пікірлесуді білу, маңыздыларды бөле білу, өз ойын жеткізуге дайын болу

БҚ 2 Жұмысқа, жабдықтарға, ресурстар мен материалдардың шығынына жауапты болу

БҚ 3 Жұмыс уақытын жоспарлау

БҚ 4 Өз жұмыс орнында өз бетімен мәселелерді шешу, алға қойған мәселені шешу жолдарын таба білу

БҚ 5 Шахтада (карьерде) болған жағдайда тәртіп ережесін ұстану

БҚ 6 Өзіндік кәсіптік дамуды басқару

БҚ 7 Алынған технологияларға нақты еру

БҚ 8 Өз қызметін жүзеге асыру және жоспарлау үшін қолдану, реттеу және сақтау

БҚ 9 Өзіне және топқа мақсат қою, оны нәтижеге жету үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қажетті шартты анықтау

БҚ 10 Нақты жағдайда әрекет пен қимыл нормаларын өзі үшін тандау, маңыздыны маңызды еместен ажырата білу, әрекетті қадамдап жазу, білу мен білімдегі кемшіліктерді өз бетімен анықтау

БҚ 11 Логикалық операцияларды қолдану арқылы ақпараттарды өңдеу, ұйымдастыру, сақтау, интерпретациялау және ақпаратты алмастыруды жүзеге асыру

БҚ 12 Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен ақпараттарды алу және өңдеу

БҚ 13 Нақты өндірістік жағдайларда мәселелерді шешу үшін әр түрлі ауызша және жазбаша байланыс құралдарын қолдану

БҚ 14 Ортақ нәтижеге ие болу үшін әр түрлі құзыреттегі адамдар тобымен байланыс орнату

БҚ 15 Жеке денсаулық пен қоршаған ортаны қорғауға жауапты болу
Кәсіптік құзырет (КҚ)
1. Біліктілік 071101 2 – Маркшейдер және топографиялық-геодезиялық жұмыстардағы өлшеуші* ҰБШ 2-ші деңгейі

КҚ 1.1 Жұмыс орнын даярлау

КҚ 1.2 Маркшейдер және топографиялық-геодезиялық жұмыстарын жүргізуге қатысу

КҚ 1.3 Рельеф пен контурлердің сипатты нүктесін тандау

КҚ 1.4 Қада белгі немесе геодезиялық таңбалар орталықтарын ашу және жабу

КҚ 1.5 Тоспа, балдақ, қада белгі, кольдер, бағана және басқа да тандап алынған орындарда білте тақтайшаны орналастыру

КҚ 1.6 Нысана үшін трассаны тазалау

КҚ 1.7 Жолды лента, арқан, сым, өлшеуіш, сонымен қатар лазерлік өлшеуіш арқылы өлшеу

КҚ 1.8 Нысана қадасы мен кольді дайындау мен орналастыру

КҚ 1.9 Нивелирлеу кезінде пикеттерді белгілеуге қатысу

КҚ 1.10 Пикеттер мен қада белгілерін бекітуді өндіру

КҚ 1.11 Кентіректі штативпен орналастыру

КҚ 1.12 Тіктеуішті түсіру және бекіту

КҚ 1.13 Жерасты коммуникацияны түсіру кезінде өлшеуге қатысу

КҚ 1.14 Дала жабдығын, құралдарын және құрал-саймандарын тиеу, түсіру және транспорттауды (орын ауыстыру) жүзеге асыру

КҚ 1.15 Дала лагерін орнықтыру

КҚ 1.16 Қауіпсіз еңбек жағдайын қолдау
2. Біліктілік 071102 2 – Маркшейдер жұмыстарындағы тау жұмыскері* ҰБШ 2-ші деңгейі
КҚ 2.1 Жұмыс атқару орныдарында маркшейдер және геодезиялық құралдарды орнықтыру

КҚ 2.2 Қада белгілерін және маркшейдер және геодезиялық таңбаларды белгілеп қою

КҚ 2.3 Қада белгілерін және уақытша және тұрақты маркшейдер дәйектемелер бекетін белгілеу, олардың сыртқы әрлендіруін жүргізу

КҚ 2.4 Тау-кен өндірісін бөлшекті маркшейдер түсіріліміне қатысу, тау-кен өндірісі өткелдерін қағаз бетіне түсіру және құжаттаманы рәсімдеу

КҚ 2.5 Өлшеу материалдарын өңдеуге қатысу

КҚ 2.6 Нүктенің жоғарғы (асқан) таңбасын және түсіру нүктесіне дейінгі көлденең ара-қашықтықты есептеу

КҚ 2.7 Деңгей арқылы таңбаларды жерге ауыстыру

КҚ 2.8 Тау-кен өндірісін маркшейдер түсірілімі нәтижелерін маркшейдер жоспарына түсіруге қатысу

КҚ 2.9 Планимерт арқылы жер аумағын есептеу және өлшеу

КҚ 2.10 Тахеометриялық түсірілім мен түсірілген нүкте таңбасы бойынша жұмыстарды атқаруға қатысу

КҚ 2.11 Стереофотограмметриялық түсірілім үшін танитын белгілерді дайындау және орнықтыру

КҚ 2.12 Тау-кен өндірісінде жарықтарды қадағалау және өлшеуді жүргізу

КҚ 2.13 Фотозертханалық жұмыстарға фототүсірілім кезінде дайындық жұмыстарын жүргізу

КҚ 2.14 Тазалау кеңістігі қуатының шұңқырын өлшеуге, тау-кен өндірісі қозғалысын аралық өлшеуге және оны жөндеу ауқымына, тау-кен өндірісінің саңылауын өлшеуге қатысу

КҚ 2.15 Пикеттерді екінші дәрежелі тау-кен өндірісі кезінде ажыратуды жүзеге асыру

КҚ 2.16 Геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен жабдықтарға күтім жасау

КҚ 2.17 Тіктеуіш пен оптикалық орталықтандырудың көмегімен нысаналық мақсаттарды орнықтыру және орталықтандыру

КҚ 2.18 Ашық өндіріс кезінде қазу тереңдігі мен тау-кен өндірісі жобалық параметрлерін оперативті өлшеуді жүзеге асыру

КҚ 2.19 Қауіпсіз еңбек жағдайын қолдау
3. Біліктілік 071102 2 – Маркшейдер жұмыстарындағы тау жұмыскері* ҰБШ 3-ші деңгейі
КҚ 3.1 Тау-кен өндірісі ауқымын, тазалау кеңістігінің қазу көлемін, бұрғылау жару ұңғымаларының тереңдігі мен бағытын, тау-кен жынысының қозғалыс параметрінің сызығын анықтау

КҚ 3.2 Ашық өндіріс кезінде қазу тереңдігі мен тау-кен өндірісінің жобалық параметрін оперативті өлшеуді қадағалау

КҚ 3.3 Маркшейдер басшылығымен стереофотограмметриялық, дыбыслокациялық әдістер арқылы, сонымен қатар гироскопиялық, лазерлік құралдар, радио және ара-қашықтықты жарықпен өлшеу құралдары арқылы жауапты түсірілімдерге қатысу

КҚ 3.4 Маркшейдердің нұсқауымен үйінді, карьера мен борттық разрезінің көшкіндік ауқауларының түсірілімін жүзеге асыру

КҚ 3.5 Транспорттық сыйымдылықты артуды қадағалау бойынша жұмысты және артылатын сыйымдылық көлемін анықтауды жүзеге асыру

КҚ 3.6 Геологиялық бақылау өндірісін инструменталды ажыратуды жүзеге асыру

КҚ 3.7 Салынатын тоннелдер кесінінің нақты өлшемін анықтау және басқа да тау-кен өндірісі жұмыстарының көлемін орындауды анықтауға, маркшейдер құжаттамасы мен графикалық материалдарды рәсімдеуге қатысу

КҚ 3.8 Капиталды тау-кен өндірісінде пикеттерді ажыратуды орындау

КҚ 3.9 Тау-кен өндірісі қозғалысын қадағалау бекеттерінде өлшемдерді және олардың атқарған жұмысының көлеміне есептеу жүргізу

КҚ 3.10 Құралдар мен тіктеуіш бойынша ұңғымалар мен тау-кен өндірісіне бағыттарды белгілеу

КҚ 3.11 Қауіпті аймақтарда және қарама-қарсы жарылысқа тау-кен өндірісін жүргізу кезіндегі жоғарғы деңгейдегі нақты түсірілім мен тірек маркшейдер желісін салуға қатысу

КҚ 3.12 Тоннелдердегі жол қада белгілерінің орнын анықтауға және орналастыруға қатысу

КҚ 3.13 Тоннел жабдықтауының эллиптикалығын және көлемін өлшеу

КҚ 3.14 Жоғарғы нақты маркшейдер құралдары мен жабдықтарының жұмыс жасауын орналастыру мен орнықтыруға қатысу

КҚ 3.15 Трассадағы өту кешенінің (щиттің) орналасуын анықтау, рамкалар мен маркаларды орналастыру

КҚ 3.16 Шахтаның рельс жолдарын ниверлирлеуге қатысу

КҚ 3.17 Тау-кен өндірісін жауапты түсіріліміне, жабын асты жолдарды түсіріліміне, орналастыру жұмыстары мен тегістікті өлшеуге қатысу

КҚ 3.18 Тау-кен жұмыстарының даму жоспарын құрастыру кезінде графикалық және кестелік материалдарды даярлауға қатысу

КҚ 3.19 Маркшейдерлік-геодезиялық құрылғыларды тексеру өндірісіне қатысу

КҚ 3.20 Қауіпсіз еңбек жағдайын қолдау


4. Біліктілік 071103 3 – Техник-маркшейдер ҰБШ 4-ші деңгейі
КҚ 4.1 Геологиялық барлау объектілерінде, жерасты тау-кен өндірісінде және кескіндерде (карьерлерде) маркшейдерлік және топографиялық түсірілмдерді жүзеге асыру

КҚ 4.2 Тоннелдердергі жол қада белгілерінің орнын анықтау және орналастыру

КҚ 4.3 Шахтаның рельс жолдарын ниверлирлеуін жүзеге асыру

КҚ 4.4 Жоғарғы нақты маркшейдерлік-геодезиялық құралдардың жұмыс атқару қалпына келтіру және орналастыру

КҚ 4.5 Жоспар мен профильде тоннель жабдықталуына түсірілім жасау

КҚ 4.6 Пайдалы қазба орны элементтерін анықтау

КҚ 4.7 Өндіріс өтіліміне бірлген бағыттың дұрыстығын қадағалау

КҚ 4.8 Топогеодезиялық және маркшейдерлік графикалық құжаттаманы құрастыру және толықтыру

КҚ 4.9 Жүргізілген түсірілім бойынша камералық өңдеуді жүргізу

КҚ 4.10 Орындаушы маркшейдерлік-геодезиялық түсірілім өндірісін жүзеге асыру

КҚ 4.11 Тау-кен жұмыстарының орындалу көлемін анықтау

КҚ 4.12 Отвалдағы жыныс пен жердегі пайдалы қазбалар көлемін анықтау

КҚ 4.13 Тау-кен өндірісі әсерінен болған тау-кен жынысының және жер бетінің қозғалысына бақылау жүргізу

КҚ 4.14 Кен атмосфера құрамына бақылауды жүргізу

КҚ 4.15 Еңбек қорғаныс, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысы бойынша ағымдағы ережелер мен қағидаларды орындау арқылы жүргізіліп жатқан жұмысқа бақылау жүргізу

КҚ 4.16 Төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және олардың зардабын жою

КҚ 4.17 Жаңа техниканы, техникалық, тау-кен-графикалық және технологиялық құжаттаманы меңгеру

КҚ 4.18 Құрастыру үшін пайдалы қазбалар кен орнын анықтау және даярлауға жобалық-сметалық құжаттаманы құрастыру

КҚ 4.19 Тау-кен-графикалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асыру және кәсіпорында қауіпсіз жұмысты атқаруды қадағалау

КҚ 4.20 Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы инженерлік мәселелерді шешу үшін бастапқы ақпарттарды даярлау

КҚ 4.21 Қоршаған орта мен жер асты байлықтарын қорғау, сонымен қатар қауіпсіз және дұрыс тау-кен жұмыстарын жүргізу әдістері бойынша шараларды қолдану

КҚ 4.22 Қоластындағы жұмыскерлердің білім деңгейі мен дағдысын анықтау, кәсіспқойлылығын арттыруға уәждемелеу


4. Біліктілік ******* – АБЖ тау- кен құралдарының кіші инженері ҰБШ 5-ші деңгейі
КҚ 5.1 Тау-кен өндірісіндегі маркшейдерлік-геодезиялық желісі тірегін құру жобасын салу бойынша жұмыстар кешенін құрастыру

КҚ 5.2 Тау-кен өндірісіндегі маркшейдерлік-геодезиялық желісі тірегін құру жобасына өзгерістер енгізуге қатысу

КҚ 5.3 Тау-кен өндірісіндегі маркшейдерлік-геодезиялық желісі тірегін құру әдістерін анықтау

КҚ 5.4 Тау-кен өндірісіндегі маркшейдерлік-геодезиялық желісі тірек орталықтары түрлерін анықтау

КҚ 5.5 Әдістік полигонометрия жобасын құрастыру

КҚ 5.6 Жерасты горизонттарына координат, биіктік және бейімді өткізу технологиясын анықтау

КҚ 5.7 Тау-кен өндірісінде капиталды және ағымдық маркшейдер жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету

КҚ 5.8 Тау-кен жұмыстарының сапалық бақылау технологиясын анықтау

КҚ 5.9 Тау-кен жұмыстарының көлемін анықтау технологиясын тандау

КҚ 5.10 Тау-кен өндірісі объектілерінің мониторингтік өлшеу өндіріс технологиясын анықтау

КҚ 5.11 Тау-кен өндірісінің даму жоспарын құрастыруға қатысу

КҚ 5.12 Тау-кен өндірісіндегі объектілерде маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар сапасын саралау

КҚ 5.13 Тау-кен өндірісіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын құрастыру

КҚ 5.14 Кәсіпорын қызметі туралы есептерді құрастыруға қатысу

КҚ 5.15 Маркшейдерлік-геодезиялық түсірілімдерді орындауды қадағалауды жүзеге асыру

КҚ 5.16 Кен атмосферасын құрамын қадағалау бойынша іс-шаралар кешенін құрастыруға қатысу

КҚ 5.17 Еңбек қорғаныс, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысы бойынша ағымдағы ережелер мен қағидаларды орындау арқылы жүргізіліп жатқан жұмысқа бақылау жүргізу

КҚ 5.18 Төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және олардың зардабын жою бойынша шараларды жүзеге асыру

КҚ 5.19 Жаңа техниканы, техникалық, тау-кен-графикалық және технологиялық құжаттаманы меңгеру

КҚ 5.20 Тау-кен-графикалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асыру және кәсіпорында қауіпсіз жұмысты атқаруды қадағалау

КҚ 5.21 Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы инженерлік мәселелерді шешу үшін бастапқы ақпарттарды даярлау

КҚ 5.22 Қоршаған орта мен жер асты байлықтарын қорғау, сонымен қатар қауіпсіз және дұрыс тау-кен жұмыстарын жүргізу әдістері бойынша шараларды қолдану




Модуль атауы

Құзырет коды (Біліктілік)



Модуль бойынша бөлімдер мен тақырыптар атауы

Құрылатын құзырет

Бағалау критериі

Құрылатын құзырет коды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет