Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы



бет2/50
Дата08.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#180503
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент Қазетова

Курстың міндеттері:

  • менеджмент негізінде мектеп басқарудың принциптерін түсіндіру;

  • педагогикалық тәжірибе негізінде мектеп менеджері қызметінің жүйесі моделін болашақ мамандарға баяндау;

  • менеджментті жалпы білім беретін орта мектептің тәжірибесіне ендірудің әдістемесінің жүзеге асырылу жолдарын көрсету.



Оқытудан күтілетін нәтижелер:
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:

  • Педагогикалық іс-әрекетті үлгі ете алады, білімді жүйелей алады, рефлексияны, мақсат қоюды, диагностиканы жүзеге асырады, ғылыми зерттеу әдістерін қолдана алады, оқу процесінде кәсіби мәселелерді шеше алады;

  • Білім беру, тәрбиелеу және тұлғаны дамыту міндеттеріне назар аудара отырып, оқушылардың оқу процесін ұйымдастыра алады;

  • Академиялық адалдық негіздері мен принциптерін сақтай отырып, кәсіби өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің перспективалық бағыттарын таңдай отырып, әріптестермен бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқу үдерісінің барлық субъектілерінің (өзінің, оқушыларының, ата-анасының) қызметін талдайды.



Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- педагогикалық менеджменттің қызметін, заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін;
-жүйе қалыптастырушы факторларын; білім берудегі менеджмент тұжырымдамасының даму тарихын; жүйелілік, гумандылық, құзіреттілік, технологиялық тұғырлар негізінде мектепті басқару ерекшеліктерін;
-мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару негіздерін;
-мектептің педагогикалық ұжымын тиімді басқару талаптарын;
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- менеджменттен теориялық білімді білім беру мекемесінде іс жүзінде қолдандыу;
- білім беру мекемесінің біртұтас жүйесі аясында диагностикалық, талдамалық және жобалау қызметтерін жүзеге асыруды;
- әр алуан басқару қызметтерін жобалауды және жүзеге асыруды;
- білім беру мекемесін басқаруда жүйелілік, гумандылық, адамгершілік, құзіреттілік және технологиялық дағдыларын пайдалануды;
- ашық педагогикалық жүйе ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан басқару қызметінің сапасын бағалауды;
- білім сапасын бағалаудың, білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытудың заманауи әдістемелерін пайдалана отырып, білім беру мекемесінің әдістемелік жұмыстарына араласуды, білім беру үдерісінің тиімділігін талдау мен бағалауды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет