Негізгі түсініктер: Коммуникация, тиімді коммуникация, әлеуметтік интеллект, имидж, басқару.
Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінусуге негізделген байланысты, бір-бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы. Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін отындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты.
Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушысы процесі болып табылады. Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым- қатынас – орнатуы қажет. Шет ел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз қарым- қатынас – проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар- бұлар тиімді қарым-қатынас орната білетіндер. Ұйым ішінде, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі адамдарды пайдаланады. Сыртқы орта арқылы пайда болатын алуан түрлі проблемаларға байланысты ұйым ішінде әр түрлі талқылаулар, жиналыстар, телефон арқылы келісімдер жүргізіліп, қызмет жазбалары, есептері, бейнетаспалар т.б. жасалады. Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға топтың іс әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Кез-келген басқарушының негізгі міндеті: ұйым бекіткен мақсаттарға жету үшін барлық қажетті шараларды қолдану болып табылады. Қай ұйымның басшысы болсын,
ол шешімді тиімді қабылдау үшін, әртүрлі деректерден алынған дәл ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс. Басқарушы жүктейтін коммуникациялық процестер басқарушы, қол астындағы адамдар, әріптестері және қоршаған сыртқы орта арасындағы маңызды байланыстырушы буын болып табылады. Ақпаратты нақты тұтынушылар оны дұрыс түсініп, оның потенциалды пайдалылығын түсінетіндей етіп беру маңызды міндет болып табылады. Бұл өте маңызды талап, өйткені: ең құнды ақпарат пайдасыз боп қалуы мүмкін, егер де тұтынушы оның дәл мәнін жете түсінбесе. Басқарудың табыстылығы көбінесе коммунациялық процестерді дұрыс құруға байланысты. Коммуникация теориясын қолдану басқаруды ұйымдастыруға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Коммуникацияның классикалық теориясын К.Шеннон жете зерттеген болатын және кейбір түр өзгертулерімен қазір ғылым мен техниканың көптеген салаларында қолданылады. Коммуникация объект және оқиғаға сәйкес жалпы немесе ішінара ақпаратты алу үшін сөзді, әріптерді, символдарды немесе соларға үйлес құралдарды пайдалану болып анықталуы мүмкін. Мұндай анықтама беруде коммуникацияның үш аспектісіне ерекше көңіл аударылады. Бірінші - кейбір адамдар сөздерді, әріптерді және символдарды басқа адамдармен өзара қатынасқанда пайдаланады. Екінші - объектілер туралы жалпы немесе ішінара ақпарат алудың маңызы өте жоғары. Үшінші - коммуникацияда екі немесе одан да көп адамдар қатысуы мүмкін.
«Коммуникация» латынның «communis» - «ортақ» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Жіберуші (басқарушы) басқа біреумен (бағынышты адаммен, жоғары тұрған тұлғамен, әріптесімен) қарым-қатынас орнатуға тырысады. Ол ақпарат, қатынастар және идеяны ұғынуға ұмтылады. Коммуникацияны жетілдіру мақсатымен оны процесс модельдері ретінде зерттеу жүргізуге талаптандырды. Қазіргі кезде коммуникациялық процестің сансыз көп модельдері бар. Олар негізінен элементтердің саны жағына және терминологиясы бойынша және де өздері шұғылданып жүрген ғылымдар тұрғысынан ажыратылады. Коммуникацияның анықтамасы - бұл бір адаммен (трансмиттер) басқа бір адамға (қабылдаушы) белгілі бір мағынаны жеткізу мақсатымен ақпаратты жіберу процесі. Трансмиттер ақпарат көзі немесе коммуникатор болып қарастырылса, қабылдаушы информацияның бағытталған орны ретінде, тұтынушы ретінде түсініледі.
Тұлға аралық коммуникацияның алты аққиқаттамасы
Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз – оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады. Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің болмауы немесе төмен деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік пен келеңсіз оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты. Оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі моральдық нормалары бар, олар – өзінің тыңдаушыларының әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту. Кәсіби маманның коммуникативтік құзіреттілігі сөйлеу қызметі арқылы қалыптасады. Коммуникативтік құзіреттілік - іс-әрекет барысында түрлі коммуникативтік міндеттерді шешу жағдайында сөйлеу әрекетін тиімді жүзеге асыруға даярлығы мен қабілетін көрсететін тұлғаның сипаттамасы. Оның негізін қарым-қатынас құралдары мен тәсілдері, іс-әрекет нормалары мен ережелері, әдептің ерекшеліктері, тұлғааралық байланыстарды орнату заңдары және коммуникативтік іскерліктер құрайды. Мұндай комуникативтік құзіреттілікке педагогтарды ғана емес, студенттерді де дайындау қажет. Студент оқытушыны қызығушылық танытқан сұхбаттас және әріптес ретінде қабылдауы қажет, бұл оқытушының сөйлеу әдебін қаншалықты жетік меңгергеніне тікелей байланысты болады. Оқытушының коммуникативтік іс-әрекетін сипаттауда оның сөйлеу сазы, студенттермен қарым-қатынас жасауы, жауап беру мәнері, бағалаушы пікір айтуды орынды қолдануы, сөйлеуде қолданылатын ілеспелі мимикалар мен ым-ишараттардың сипаты аса маңызды болып табылады.
Келіссөз процесін жоспарлау
Іскерлік мәжіліс – белгілі бір міндеттерді ойластырудың және көпшілік болып қабылдаудың кең тараған тәсілі. Қазіргі техникалық құралдар мен басқарудың ғылыми тәсілдері кеңінен қолданылып отырғанына қарамастан, іс - әрекеттің мұндай формасы қазір де өз ролін жойған жоқ. Оның үстіне үнемі күрделеніп отырған басқару жүйесі жағдайында іскерлік мәжіліс ерекше маңызды бола түсуде. Іскерлік мәжіліс барысында қойылған міндеттер қаралады да, мұнда әртүрлі пікірлер айтылып, оны шешудің ең қолайлы жолдары таңдап алынады. Іскерлік мәжілісшартты түрде қарастырылатын мәжілістің ерекшеліктеріне,қатысушылардың құрамы мен санасына, мәжілісте қаралатын мәселелердің ауқымы мен санына, құрылымы мен ұйымдастырылуына, мәжілісті өкізу тәрітібіне т.б. орай бөлінеді. Келтірілген жіктеулер қызмет бабаындағы мәжілісті толық қамтылмауы мүмкін. Дегенмен мәжілісті өткізгенде бұл жіктеулерді басшылыққа алады. Мәжіліс басқа белгілері бойынша да жіктелуі мүмкін. Оны өткізу стиліне қарай американдықтар диктаторлық, автократтық , сеграттивтік , пікірлесу, еркін кеңесу деп бөледі.
Имидж - тұлғаның өзін - өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Ол, оқытушыға өткен кезеңдегі жоғары статусты қайтып алуына көмектеседі. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде қызметтеледі. Адамның бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілерді атап кету қажет. Сыртқы аспект көптеген элементтерден құралады, аяқ киіммен бастап бас киімге дейін. Ол,
адамның бет - әлпеті, киімі, жүріс - тұрысы, мінез – құлқы, дауысы. Осы тұста стилистің, визажистің көмектері қажет. Имидждің ішкі аспектісі-ерекше маңызға ие, оның менталитеті, зерделілігі, қызығушылықтары, талаптары, мән -мазмұны шеберлігі. Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуынша, адам аяғынан басына дейін өлшенбейді, басынан көкке дейін. Осы ерекшеліктерді тартымды образды құру процесінде есепке алу қажет. Сонымен қатар, адамның энерго ақпараттық өрісі бар, оның құрылымы мен әрекеттесуі зерттеледі. Приборлардың көмегімен зерттеу жұмыстарының нәтижелері сыртқы шарттардың, жағдайлардың түрлі өзгерулеріне байланысты адамның энергетикалық өрісінің өзгеруі көрсетілген, жеке тұлғалық ерекшеліктердің адамдар арасындағы әсер ету күштері мен шамалары өлшенеді. Имиджге жұмыс барысында қоршаған ортамен сөзсіз позитивті бағаланатын құндылық ерекшеліктері таңдап алынды. В.М.Шепельдің айтуынша адамның имиджі оның бойындағы өткен тәжірибелерден жинақтала отырып, күрделі жүйелі білімі болып табылады. Ол бүтін сипаттамаға иеленіп барлық қырлары келісілген. Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады: Әлеуметтік шындықты өзгертуге бағытталған ақпараттық қоғамның табиғаты өзгеруде, оның адамға деген талаптары және адамның қоғамға деген талаптары жоғарылауда. Өкінішке орай, депутаттарды сайлау имидж мамандарының қолына жиі түсуде. Елдің бірқатар, аймақтарында стеротипті манипуляциялау, жасанды имидж қоғамның сұранысына жауап бере алмай жатады. Имиджді құрушы имиджмейкерге оның кәсіби шеберліктеріне үкіметтің имиджі, өнеркәсіп ұжымының имиджді, жекелей тұлғаның имиджіне байланысты. Үкіметтің имиджі елді тиімді басқаруға көмектеседі. Педагогикалық ұжымның имиджі жекелей тиімді білім алуға көмектеседі. Жекелей тұлғаның имиджіне ұжымның имиджі байқалады. Тұлғалардың шетелдерге саяхаттану, жұмыстар атқару, қызметтелу барысында сөзсіз жайлы ұғым, пайда болады.
Осындай деректі мамандар өз бойларында педагогтың, философтың, психологтың, риторика маманының, жарнама ерекшеліктерін өз бойында үйлестіре білуі тиісті. Имиджмейкер - көне мамандық, оның мақсаттары мен міндеттемелері қоғамның даму процесінде өзгерді. Зерттеуші ғалымдардың Л.Браун, П.С.Гурев, А.Ю.Панасюк, А.С.Почепцов мазмұндауларынша имиджмейкер мамандық бола алмас еді, егер имиджелогия ғылым болып түрлене алмағанда. Осы деректі ғылым адам баласының өндірістегі, рухани дүниесіндегі,зерделі іс - әрекеттеріндегі қол жетістіктерімен, этика - эстетикалық нормалар мен талаптардың өзгерулерімен байланысты. Бір қарағанда, сүйкімді адамдардың тартымды имиджге жетуі жеңіл болып көрінуі мүмкін. Тәжірибелі практиканың көрсетуі бойынша қол жетістіктері жоғары адамдардың сыртқы көріністерінде көпшіліктер байқалады: қисық, қысқа аяқтары, таз басты, тістері сарғайған, өте ұзын немесе қысқа мұрынды алайда осы аталған кемшіліктердің барлығы оған өндіріспен іскер әлемде, жанұясында бақытты болуына кедергі жасай алмайды. Олар өзінің қол жетістіктеріне қуанып, өзгеге қызығушылық танытпайды, жеке проблемалары бойынша тоқталмайды. Алайда, әсем бет - әлпеті және тартымды имиджге иеленген жекелей тұлғалар да кездеседі. Олар, қызметті карьераларында қажетті дәрежеде нәтижелерге жете алмайды олар үшін әрқашанда ақша жетіспейді. Қол жетістіктері жағынан өзінен басым адамдарға көре алмаушылықпен қарайды. Олар үшін жұмыс істеуге біреу кедергі жасап, бағыттарына тосқауыл болып көрінеді.
Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады.
Мекендей ортасының имиджінің қалыптасу принциптері: егер қалта көтерсе өзгелерден жақсы өмір сүру. Күрделі жөндеуді қажет ететін ғимарат ішіндегі өте қымбат жиһаз негативті имиджді құруға мүмкіншілік жасайды.
Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс - тұрысы. Егер конституциямен басқару қиын болса, сыртқы пішіннің өзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған макияж образдың мақсатты - тиімділігін арттырады, қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді ынталандырады. Имидждің осы аталған түрі қазіргі кезеңде теледидарда қалыптасуда. Имидж сыртқы киімді таза, тартымды киінумен айшықталады. Іскер әйелдің киім кию стилі - консервативті, қызмет бабында қолданылатын киімде түсті ғана қолданылуы тиісті. Іскер имидж - адамның өз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы тұжырымдама жасауға болады. Кәсіпорындардың менеджерлері үшін ол іскер қағаздар формасы мен мазмұнын есепке алу қажетті. Тарих бетіне үлес қосқан іскер адамдардың көпшілігі нақтылай шынайы өмірде өте қатаң, ұйымшыл
болғаны белгілі. Мысал ретінде С.Т.Морозов ашық, тәуелсіз тұлға. Іскерлі, кәсіби имиджде қоғамның талаптарына сәйкес тиісті имидж көрінісі жүйеленеді: өте іскер педагог, менеджер және тағы сол сияқты.
Вербальды имидж (ауызша) - қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой - пікір (ауызша немесе жазбаша). В.О.Ключевский: «анық, түсінікті жаза білу - ізеттіліктің алғашқы ережесі». Теоретиктер вербальды имидждің қалыптасу тәсілдерін ұсынады: «ортаның қалауы бойынша сөз ету», «күлімдеп сөйлеу». Позитивті вербальды имидждің қалыптасуына ауызша сөйлеудің нақтылай естілуі мен ырғақты әуені әсер етеді. Теледидардағы жүргізілген, тікелей эфирдің сауалнамалық көрсетулері бойынша, егер жас қыздың, келіншектің вербальды (ауызша) қарым - қатынастылығы өте нашар дамыған болса, ешқандай оның әсем сыртқы көрінісі, тіпті байлығы имиджін тартымды етіп көрсете алмайды.
Вербальды емес іс - әрекеті имиджі - ымдау, мимикалап көрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орынын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Оңтайлы имиджді құруда мінез - құлықтың теріс, келеңсіз жақтарынан сақтану қажет. Тұлғамен жекелей қарым - қатынастылықта бет - әлпет күлімсіреп, дене пішіні тартымды, жұмсақ түсініктер орын алуы тиісті. Вербальды емес имидждің қалыптасуына жаттығулар, салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден арылуға көмектеседі. Менеджер міндетті түрде, өзі үшін бірнеше элементтерден құралатын күнтізбегін бекітеді: дене шынықтыру, жеке гигиена, еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттер, демалыс. Позитивті имидж, рухани байлықпен, құндылықтармен ерекшеленеді. Кеңестер одағының соңғы коммунистік әндері қайта өрлеудің (перестройка) белсенді тұлғасы М.С.Горбачевтың жұбайы Р.М.Горбачева крейл келіншектерінің стереотипін күйретті. Бірінші леди Р.М.Горбачева өте білімді, беделді, салауатты, әсем, ой - санасы өте жоғары тұлға болатын өзін жеке тұлға ретінде саяси өмірге ұсынбаған.
Көп қырлы күрделі имидж - позитивті және теріс бағыттарымен мазмұндалады. Имиджді құрайтын элементтерді таңдап ала отырып, психологиялық тұрғыда адам баласы өзінің оңтайлы сапалық ерекшеліктерімен көрсеткіштерін (сыртқы және ішкі) алға қояды. Саясаткер мен менеджердің имиджі, артист пен топ - жұлдыздың имиджінен ерекшеленеді.
Мекемелелер мен ұйымның имиджі –ұжымдағы әрбір маманның және ұжымның қандай бағытта ұмтылысын сипаттап көрсетеді. Осындай ұмтылыс пен беталыс жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар мен мекемелер үшін маңызды. Атап айтатын болсақ, сыртқы формадағы іс - әрекеттіліктер дизайн, жарнама, өндірістік процесті модернизациялау. Эстетикалық талаптарға формасы, сыртқы көрінісімен сана - сезімі ұжымның жұмыла жұмыс істеуіне, беделділіктің пайда болуына мүмкіншілік жасайды. Позитивті имиджге мекеменің тұтынушылары, құрылтайшылары алдындағы абыройы мен беделі, оның жетістіктері, ұжымның тұрақтылық дәрежесі оның дәстүрі мен жекелей символикасы, теңдессіз киім үлгілері және оның элементтері (галстук, бас киім және тағы басқа) көмектеседі.
Заттық имидж – бір заттың немесе басқа жанданбаған обьектінің субъект - субъектіні өзара әрекеттесу процесінде пайда болған символды образын түсінеміз, айтамыз. Яғни сол затты немесе обьектіні субъект ретінде қабылдауды араңдатып көрсетеді. Заттық имиджді құрудың негізгі механизмі - персонификация болып табылады.
Корпоративті имидж (ұйым имиджі) деп - біз – субьекті – субьекті мен өзара байланысты процестердің арқасында пайда болған ұйымдардың, қауымдастықтардың символдық образын айтамыз. Корпоративті имидждің табиғатын түсіну үшін біз - ұйымның, қауымдастықтың табиғатын талдауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |