Білім беру бағдарламасы бойынша алматы, 2024


Педагогика, бизнес және құқық институты



бет3/19
Дата24.06.2024
өлшемі101,71 Kb.
#203473
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ОПК ПМНО қазақша

Педагогика, бизнес және құқық институты

  • «Сымбат» жобалау және технология институты


    Педагогика, бизнес және құқық институты 2021 жылы құрылғанына қарамастан, оның қалыптасуы мен дамуында үлкен тәжірибесі бар, өйткені ол 2003 жылы құрылған «Алматы» Университетінің (Алматы Үздіксіз білім беру университеті) құқық қабылдаушысы болып табылады.
    «Педагогика, бизнес және құқық» институтының құрамында үш кафедра бар:
    - Экономика, қызмет көрсету және құқық кафедрасы
    - Педагогика, психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
    - Педагогика, жаратылыстану және денешынықтыру кафедрасы
    Қазіргі уақытта Педагогика, бизнес және құқық институты «Педагогикалық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Құқық», «Бизнес және басқару», «Көлік қызметтері» сияқты дайындық бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың көпсалалы оқу-әдістемелік және ғылыми-білім беру орталығы болып табылады. Бакалавриаттың 8, магистратураның 3 бағыты бойынша лицензиялар бар. Кадрларды даярлау 15 БББ бакалавриат, 4 магистратура бойынша жүзеге асырылады.
    Институт білім алушыларының саны 2500-ден астам студентті құрайды.
    Профессорлық-оқытушылық құрамында 120-дан астам оқытушы, оның ішінде 9 ғылым докторы, 38 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы және 47 ғылым магистрін құрайды.
    Институтта ПОҚ және білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары дамып, ғылыми жобалар орындалуда.
    2023 оқу жылында институт ПОҚ және білім алушылары: 9 монография, 1 оқулық, 7 оқу құралы және 3 оқу-әдістемелік құрал, Scopus, Web of Science импакт-факторы бар 11 ғылыми мақала, ҚР, алыс және жақын шетелдерде 19 ғылыми мақала, ҚР конференцияларында 71 ғылыми баяндама, алыс және жақын шет елдерде шығарылды. 2018 жылдан бастап "Хабаршы/Вестник" журналы жарық көреді. Жас ғалымдар кеңесі табысты жұмыс істеуде.
    ҒЗЖ және СҒЗЖ қорытындысы бойынша оқытушылар мен білім алушылар авторлық куәліктер, дипломдар мен сертификаттар алады.
    Институт оқу және ғылыми қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша жақын және алыс шетелдердің 23 шетелдік жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Мәскеу психоанализ институты (РФ), Әлеуметтік білім академиясы (РФ), Әлеуметтік және гуманитарлық білім институты (РФ), Балтық Халықаралық академиясымен (Латвия), Сучава университетімен (Румыния), Джавахарлал Неру университеті (Үндістан), Белград университеті (Сербия), Қырғыз-Қазақ университеті (Қырғызстан), Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті және т. б.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет