Білім беру бағдарламасы бойынша алматы, 2024



бет9/19
Дата24.06.2024
өлшемі101,71 Kb.
#203473
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
ОПК ПМНО қазақша

ГЛОССАРИЙ
Кредиттік технологиясының негізгі ұғымдарына: Университетте кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру жолға қойылған, ол үшін сіздер келесі түсініктерді білулерінің қажет:
Академиялық күнтізбе(Academic Calendar) – оқу жылы барысындағы демалыс күндері (демалыс және мерекелер) көрсетілген оқу және бақылау шараларын, іс-тәжірибелерді өткізу күнтізбесі.
Академиялық дәреже (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша білім беру ұйымы ұсынатын білім алушылардың тиісті оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі.
Академиялық кезең (Term) – білім беру ұйымы таңдаған семестр, триместр, квартал сияқты үш оқу түрінің біріндегі теориялық оқу кезеңі.
Білім алушының акдемиялық рейтингісі (Rating) – аралық аттестаттау (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша құрастырылатын білім алушының бағдарламалық материалды меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші.
Жалпы білім беру пәндері ЖБП (General Education Requirement – GER) - әлеуметтік – гуманитарлық және ғылыми пәндердің циклы.
Міндетті компонент – Білім алушылар дің оқу бағдарламасының барысында міндетті түрде оқитын пәндері.
Таңдау компоненті (Electives) – кез – келген академиялық кезеңде білім алушының таңдап алған элективті оқу пәні.
Кредит (Credit, Credit – hour) – білім алушы/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін бірегейленген бірлік. Әр пәннің көлемі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және үлгілік оқу жоспарлары негізінде кредиттермен айқындалады. Бір кредит 30 сағатқа тең.
Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру деңгейіне сәйкес стандартты қандай деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім, оның қорытындысы бойынша білім алғаны жайлы құжат беріледі (диплом).
Постреквизиттер (Postrequisite) – пәнді оқыту негізінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер жиынтығы.
Пререквизиттер (Prerequisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы.
Пән бағдарламасы (Syllabus)оқытылатын пәнді сипаттайтын, оның мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын, әр сабақтың тақырыптарын, өздік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, консультация уақытын, білім алушы білімінің рейтингтік бағалау сипаттамасын, оқытушы талаптарын көрсететін оқу бағдарламасы; білім алушының өзіндік жұмысы – оқу әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген және тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар және есеп беру сияқты өздік жұмыстарын жүргізу; оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы – кестеде көрсетілген уақыт бойынша білім алушының оқытушы жетекшілігімен орындайтын жұмысы.
Куратор-Эдвайзер (Advisor) – оқу траекториясын, БББ таңдау негізінде көмектесетін (жеке оқу жоспарын құрастыруда) және білім беру бағдарламасын оқу кезеңінде меңгертуді қамтамасыз ететін, жетекші қызметін атқаратын оқытушы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет