Зертханалық жұмыстың мақсаты: Өлшеу құралдарының метрологиялық мінездемелерін есептеу және олардың нақтылығына баға беру бойынша студенттердің практикалық машықтарды үйренуі және білімдерін тереңдетуі.
Негізгі теориялық ережелер ӨҚ тексеру – өлшеу құралдарының қойылған техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатымен жүргізілетін операциялар жиынтығы. Тексеру кезінде өлшеу құралдарының барлық метрологиялық мінездемелерінің жиынтығы зерттеледі, жылжымалы элементтердің жүрісі тексеріледі, өлшеу құралдарының сыртын қарап шығу жүргізіледі, өндіріске немесе ремонттан кейін шығару, импортталған және қолданысқа жіберген кезде ММК мүшелері мен тексеру жүргізіледі.
Нормативті құжат бойынша тексерудің бес түрі қарастырылған: алғашқы, кезекті, кезектен тыс, инспекциялық және сараптық.
Алғашқы тексеруге өндіріске немесе ремонттан кейін шығарылған, импортталған ӨҚ жатады.
Кезекті тексеруге қолданыстағы немесе сақтауда жатқан ӨҚ жатады.
Кезектен тыс тексеруді қолданыстағы (сақтаудағы) өлшеу құралдарына келесі жағдайларда жүргізіледі: тексерулік таңба белгісінің зақымдалуы, сонымен қатар тексеру куәлігі жоғалған кезде; ұзақ уақыт ( бір тексеру аралық интервалдан жоғары) сақтауда жатқан ӨҚ қолданысқа шығарған кезде; аспаптың қанағатсыз жұмыс істеу барысында немесе ӨҚ-на соққылық әсерден кейінгі қайта қалпына келтіру кезінде.
Инспекциялық тексеруді мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізу барысында ӨҚ-ның қолдануға жарамдылығын тексеру мақсатымен жүргізіледі.
ӨҚ сараптық тексерісін метрологиялық мінездемелер, ӨҚ-ның дұрыс жұмыс істеуі және қолдануға жарамдылығы бойынша даулы сұрақтар пайда болған жағдайда жүргізіледі.