Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет1/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
369720 2


Ф.7.03-03
Камалов Юсубалы Назимович

«Электорехника, электроника және автоматтарндыру» пәнінен 6В05310 – «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша
білім алушыларға арналған
дәрістер жинағы

Шымкент, 2022 ж








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»




«Кәсіптік оқыту» кафедрасы


Камалов Юсубалы Назимович
«Электорехника, электроника және автоматтарндыру» пәнінен 6В05310 – «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша
білім алушыларға арналған
дәрістер жинағы

Шымкент, 2022 ж


ӘОЖ 378:011.76


ББК

Құрастырған Камалов Ю.Н – п.ғ.к., профессор


«Электорехника, электроника және автоматтарндыру» пәнінен дәрістер жинағы - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚУ, 2022 – 62 б.

«Электорехника, электроника және автоматтарндыру» пәннінен дәрістер жинағы оқу жоспар мен бағдарлама талаптарына сәйкес құрастырылып барлық мәліметтерді қамтиды.


Дәрістер жинағы оқу жоспары және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 6В05310 – «Физика» бакалавриат мамандығына арналған.

Пікір білдіруші: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Кәсіптік оқыту» кафедрасының п.ғ.д., профессор Саипов А.Б.


«Кәсіптік оқыту» кафедрасы мәжілісінде қаралады және баспаға ұсынылды


(№ хаттама,_____2022ж)

Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебінің оқытудың инновациялық технологиясы және әдістемелік қамтамасыз ету комитеттінде қаралды және баспаға ұсынылды.


( № хаттама, 2020ж)

Басуға М.О.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған,


(№ хаттама, 2022ж.)

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2022ж
Шығаруға жауапты: Камалов М.Ю.


МАЗМҰНЫ






Кіріспе...........................................................................................................

6

1

Негізгі түсініктер. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс.........................................................................................................

8


2

Электротехника негіздері. Бір фазалы айнымалы ток тізбегі мәні............................

10

3

Айнымалы ток тізбегі: активтік, индуктивтік және сыйымдылықты кедергілер.....

13

4

Үш фазалы айнымалы ток тізбегі..................................................................................

16

5

Электрлік өлшеулер, өлшеу қателіктері жөнінде түсінік...........................................

18

6

Трансформаторлар. Авторансформаторлар..................................................................

24

7

Сызықты емес электр тізбектері....................................................................................

27

8

Айналмалы ток электр машиналары.............................................................................

30

9

Тұрақты ток машиналары...............................................................................................

36

10

Электрондық құрылғылар .............................................................................................

41

11

Биполярлы транзистор....................................................................................................

45

12

Операциялық күшейткіштер, негізгі параметрлері және оларды пайдалану арқылы сұлбалар.............................................................................................................

48


13

Шала өткізгішті кедергілер............................................................................................

51

14

Оптоэлектроника негіздері.............................................................................................

55

15

Электр энергиясын өндіру және оларды өндірісте пайдалану...................................

58




Ұсынылатын әдебиеттер...................................................................................

62





Кіріспе

Қоғамымыздың материалдық және техникалық базасын жасаудың басты бағыты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы техникалық прогрестің негізі – болып отырған электрлендіруді интенсивті қарқынмен дамыту болып табылады.


Электротехника – электр жəне магнит құбылыстарын іс жүзінде қолданатын ғылым, ал электроэнергетика – еліміздің экономикасының басты саласы. Ол ғылыми техниқалық прогресстің жəне барлық өндіріс салаларының қарқынды түрде дамуында белгілі рөл атқарады. Электротехника осы замандағы қоғамның барлық маңызды салаларында қолданылады.
Электр энергияның ерекшелігі: оның энергияны аз шығынмен алыс қашықтыққа беруі, оңай түрлелдірілуі, əр түрлі қуаты бар қабылдағыштарға жеңіл таралуы жəне оны пайдаланғандағы ерекше үнемділігі.
Электр энергиясы казіргі қоғамнын барлық салаларында қолданылады. Энергиялардың басқа түрлеріне қарағанда электроэнергияның төмендегідей ерекше қасиеттерін көрсетуге болады: а) энергияның басқа (механиқалық, жарық, жылу, химиялық, т.б) түрлеріне жеңіл түрлендіріледі. б) алыс қашықтыққа жоғары
Электр энергияның осы қасиеттері тарихи өте қысқа уақытта, тек электроэнергияның негізгі сұрақтарын шешуге ғана емес, сонымен қатар «электр емес техниканың» жанғыртылуына, электр құралдары көмегімен бақылау жəне басқаруды жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Электротехниканың ғылыми базасы арқылы электротехника, радиотехника, түрлі электротехникалық жəне электромеханикалық қондырғылардың өндірісі, соның ішінде есептеу техникасы дамыды. Электротехниканың пайда болуы, тұрақты тоқ көзінің шығару кезеңі ХIХ ғ. басы болып саналды жəне осыған жалғас ашылған электр мен магнетизм саласындағы жаңалықтар жатады.
Электрлік жəне магниттік құбылыстар ерте заманнан белгілі болған, ал бұл құбылыстар туралы ғылыми дамуының басталуы 1600 жыл екендігі ағылшын физигі Гильберт электрлік жəне магниттік құбылыстарды зерттеп, оның қортындысы жарық көргеннен кейін қабылданған. Электр туралы ғылымның дамуының маңызды баспалдағы электр табиғатының құбылысын М. В. Ломаносов, Г. В. Рихман, Б. Франклин, Ш. О. Кулон жəне басқалардың зерттеп тапқан жұмыстарының нəтижесі болды.
Электротехниканың дамып аяқ басуына, бірінші үздіксіз тоқ көзінің – вольт бағанасының (А. Вольт, 1800 ж.), одан кейін неғұрлым жетілдірілген гольваникалық элементтердің пайда болуының шешуші маңызы болды. Бұл ХIХ ғасырдың алғашқы жылдарында электр энергиясының əсерінен химиялық, жылу, жарық жəне магниттік құбылыстарға көптеген зерттеулер жүргізуге ықпал етті. Осы кезеңде электр зарядтарының өзара əсерін оқып зерттейтін электродинамиканың негізі қаланды. Ол өзіне бірқатар жекелей жəне неғұрлым қарапайым жағдайдағы қозғалмайтын зарядтардың өзара əсері туралы электростатиканы кіргізеді.
Қозғалыстағы зарядтардың арасындағы қарымқатынасты, электрлік жəне магниттік өріс түсінігі арқылы түсіндіруге болады, оны бір-бірінен бөліп алуға болмайды. Электр жəне магнитті құбылыстардың өзара байланыстары өткен ғасырдың 20-шы жылдары орнатылды, А. М. Ампер мен Х. К. Эрстед, электр тоғы бар болса, магнит өрісінің пайда болатындығын дəлелдеген. Электр жəне магнит өрістерінің байланысын ақырғы дəлелдеп – растаған М. Фарадей, ол (18311832 ж.ж) электромагниті индукция құбылысын ашқан. Олардың дамуына мүмкіндік тудырған - индукциялы тоқтар бағыттары заңы, ЭҚҚ қарсы зерттеулер жəне зəкір ықпалы, электр жəне магнит тізбектерін есептеу Электромагнитті өріс теориясын математикалық формасында 1873 ж. Дж. К. Максвелл құрады.
басқару жүйелерін жетілдіруге және халық шаруашылығына аса қажетті ғылыми экономикалық т.б. есептерді шешуге мүмкіндік береді. Информацияны алуға, өңдеуге, жеткізіп беруге және кескіндеуге арналған электр техникасы құрылары автоматтың басқару жүйелері техникалық құралдарының маңызды элементтері болып табылады.
Қазіргі уақытта электрлендіру негізінде өндіріс процестерін көмплексті механикаландыру мен автоматтандыру кеңінен енгізіліп отыр. Электр технология саласы, электржылулық және электролиздік жолмен металдарды алу және оларды өңдеу қарқынды дамуда. Әр жыл сайы жаңадан әр түрлі машиналардың автоматтық линиялары, цехтар мен завод-автоматтар іске қосылуда. Электр энергиясы көмегімен металдар пісіріліп, жоғары жиілікті токтар мен болаттар шыңдалуда.
Мамандар электр техникасының негізгі заңдарын, тұрақты және айнымалы ток қозғалтқыштарының трансформаторлардың, электр өлшеуіш аспаптардың, электр вакуумдік және шала өткізгіштік аспаптардың құрылысы мен жұмыс жасау принциптерін біліп, оларды практикада шебер пайдалана алуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет