Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы


Индуктивтілігі бар тізбектегі қуаттың максимал мəні



бет9/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Байланысты:
369720 2

Индуктивтілігі бар тізбектегі қуаттың максимал мəні реактивті қуат деп аталады жəне QL деп белгіленеді. Реактивті қуат неғұрлым үлкен болса, бірлік уақыт ішінде электр энергиясы көзінен катушкаға дейін жəне кері қарай энергия көп мөлшерде жіберіледі. Реактивті қуат
QL = ULI = I2XL (5)
Реактивті қуаттың бірлігі реактивті вольт-ампер (вар) болып табылады. Реактивті қуаттың одан ірі бірлігі реактивті киловольт-ампер болып табылады.


Сыйымдылығы БАР тізбек. 5, а-суретте электр тізбегіне С сыйымдылығы бар конденсатор қосылған. Конденсатордың активті кедергісі мен индуктивтілігі аз болғаны сонша, оларды ескермейді. Оған синусоидалық кернеуді əкелеміз.
Сыйымдылығы бар тізбекте тоқ кернеуді фаза бойынша 90° бұрышқа озады (5, б-сурет). Сыйымдылығы бар тізбек үшін векторлық диаграмма 5, В-суретте көрсетілген:


I = UC/XC (6)

(6) формула тоқ пен кернеудің арасындағы қатынасты көрсетеді жəне сондықтан сыйымдылығы бар тізбек үшін Ом заңы деп шартты аталады.


Мəні кедергімен өлшемдес болады (Ом) 1/ωC жəне реактивті кедергі деп аталады (Хс деп белгіленеді):


XC=1/ωC=1/ 2πfC (7)

мұндағы ω — бұрыштық жиілік, рад/с; С — конденсатор сыйымдылығы, Ф.


Жиілік ұлғайған сайын сыйымдылықты кедергі де азаяды. Тізбектегі қуаттың амплитудалық мəні реактивті қуат Qc деп аталады. Ол генератор мен сыйымдылығы бар тізбек араындағы энергия алмасу жылдамдығын сипаттайды:
Qc = Ucl = I2 Х С .



5 -сурет. Сыйымдылығы бар электр тізбегі:
а — схема; б — тоқ пен кернеудің уақыт диаграммасы; в — векторлық диаграмма




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет