3. Кедергілерді өлшеу Кедергілерді өлшеу үшін амперметрге және вольтметр тәсілін пайдалануға болады. Сыналатын резисторға қосылған вольтметр көрсетімін, сол резисторға тізбектеп қосылған амперметр көрсетіміне бөлінген бөлінді арқылы оның кедергісін анықтайды R=U/I. Кедергілерді тікелей өлшеу үшін омметр мен мегаомметр деп аталатын аспаптар қолданылады. Олар схемаға тізбектеп не параллель қосылады.
Омметр – ішкі кедергісі және қосымша кедергісі магнит-электрлік жүйедегі өлшеу аспабы болып табылады. Жұмыс кернеуі қосылмай тұрған желінің оқшауламасының кедергісін мегаомметрмен өлшейді. Оның бір қысқышын тексерілетін өткізгіш сымына қосады, ал екіншісін жерге қосады. Мегаомметр индукторының тұтқасын айналдырып аспап шкаласынан өлшенетін кедергінің мәнін оқиды. Мұндағы индуктор кішкене магнитоэлектрлік генератор болып табылады.
Қуат пен энергияны өлшеу Тұрақты ток тізбегіндегі қуатты өлшеу үшін арнаулы аспап керек емес, өйткені қуатты P=UI вольтметр мен амперметр көрсетімдерімен есептеп шығаруға болады. Айнымалы ток тізбегіндегі қуат кернеу мен токқа ғана емес, арасындағы фаза ығысуына да тәуелді: . Сондықтан айнымалы ток қуатын өлшеу үшін арнаулы аспап – электрдинамикалық немесе ферродинамикалық жүйедегі ваттметр қолданылады. Электродинамикалық ваттметрдің айналдырушы моменті кернеу мен ток көбейтіндісіне пропорционал. Ваттметрдің айнымалы ток тізбегіне қосқан кезде екі орауыштағы ток бағытының бірдей игеруі айналдырушы моментке әсер етпейді. Бірақ ваттметр орауыштағы токтың фазасын 1800-қа ал айналдырушы моменттін бағытын өзгертеді.
Ферродинамикалық ваттметрлердің дәлдігі төмен. Оларды гистерезис әсеріне байланысты тұрақты ток тізбегінде қолдануға болмайды.
Электр өлшегіш приборларының жіктелуі
Бақылау сұрақтары: Өлшеу құралдары дегеніміз не?
Өлшем деп нені түсіндіреміз?
Өлшеу нəтижелері қандай белгілері бойынша сыныпталады?
Өлшеу нəтижелерін алудың жалпы əдістері бойынша қандай өлшеу түрлері қабылданған?
Өлшеу қателігі дегеніміз не?
Өлшеу қателіктерін сыныптаңыз (топтаңыз).
Өлшеу қателіктерінің құраушыларын атаңыз.
Кездейсоқ жəне жүйелік өлшеу қателіктерінің құраушыларының пайда болуының негізгі себептері қандай?