Бақылау сұрақтары:
Трансформатор деген не?
Трансформаторды ойлап тапқан кім?
Трансформатор құрылысы?
Трансформатордың қызметі?
Трансформатордың шартты белгісі?
Трансформация коэффициентінің формуласы?
Төмендеткіш және жоғарлатқыш трансформатор дегеніміз не?
Трансформатордың ПӘК-інің формуласы?
Электр желісінде энергия шығынын азайтудың қандай жолдары бар?
Күн және жел энергиясы, артықшылығы мен кемшілігі.
Трансформатордың құрылысы қандай?
Аайнымалы токтың трансформациясы деген не?
Трансформациялау коэффициентi деген не?
Дәріс №7 Тақырыбы: Сызықты емес электр тізбектері.
Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:
Ұзын желінің теңдеулері.
Түзеткіштер.
Тегісгіш сүзгілер.
Сызыктык емес элтізбектеріне және олардың элементеріне сипаттама. Шала өткізгіш диод, тиристорлар.
Әдебиеттер
Пустынников С.В. Общая электротехника. Учебная пособия Издания Томского политехнического университета 2013г. 102с.
Нефедов В.И. Основы радиоэлектроники – М.: Высшая школа, 2000, 400 с.
Хотунцев Ю.Л., Лобарев А.С. Основы радиоэлектроники – М.: АГАР, 1998, 282 с.
Ушаков В.Н. Основы аналоговой и импульсной техники – М.: высшая школа, 2004
Ұзын желі дегеніміз, ол ұзындығы толқын ұзындығына теңесетіндей немесе одан қанша болса да артып кететін желіні айтамыз. Желі- электр энергияларын немесе сигналдарды жеткізу үшін генератор мен қабылдағыштарды жалғастыратын желілік сымдар жүйелері.
Желілік сым деп ұзындығы көлденең қима өлшемінен әлдеқайда үлкен сымды айтады. Ұзын желінің қарапайым мысалы ретінде ұзындығы бар желілік сым жер бетінен биіктікте оқшаулатқыштың көмегімен ағаш немесе темірбетон тіректерге іліп қойылған, оның бір ұшына синусоидалы Э.Қ.К. бар генератор қосылған, екінші ұшына жүктеме кедергісі қосылған.
Егер болса сұлбада шоғырланған Z1 және Z2 элементтері болады. - желілік сым генератор мен жүктемені жалғайтын сым міндетін атқарады, ол ұзын желі болып саналмайды, - толқын ұзындығы. Егер ұзындығы салыстырғанда аса кіші болмаса, онда сұлбада шоғырланған Z1 және Z2 элементтер болады және барлық ұзындық бойынша сымның индуктивтігі, сымдар мен жер арасындағы сыйымдылығы, активті кедергісі оқшаулатқыштың өткізгіштігі таралған.
Егер болса, онда сұлбада шоғырланған Z1 және Z2 элементтерінің барлық желі ұзындығы бойында сымның индуктивтігі, сым мен жер арасындағы сыйымдылығы, активті кедергісі және оқшаулама өткізгіштігі таралған. Сым материалдары – мыс, биометалл немесе болат, алюминий болып келеді. Біріншілік параметрлерге жататындар: - индуктивтік, -сыйымдылық, - активті кедергі және - оқшаулама өткізгіштігі болып саналады.
Біріншілік параметрлердің тұрақтылығын сақтау үшін бірқатар шарттар орындалуға тиісті:
барлық желі ұзындығы бойында сымдардың диаметрі бірдей болуға тиісті,
желі сымдарының ара қашықтықтары өзгеріссіз қалуға тиісті,
желі сымдары біртекті материалдардан жасалуы керек,
әуе желілері сымдарының әркайсысы жерден бірдей биіктікте орналасуы керек,
желі астындағы және оның өн бойындағы электрлік қасиеттері бірқалыпты болуға тиісті,
барлық желінің өн бойында әрбір сымдар айналадағы ортада бірдей жағдайда болуға тиісті.
Бұл келтірілген жағдайлардың жиынтығын қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан қарастырылған біртектес желілердің мұндай шарттары идеализацияланған деп саналады.
Желідегі кернеу және ток екі тәуелсіз айнымалының функциясы болып саналады. Бақылау орнын анықтайтын кеңістік координатасы Х және бақылау моментін анықтайтын уақыт t координатасы: . Егер санақ басын желі басы деп қабылдасақ, онда өсінің оң бағыты токтың оң бағытымен бағыттас келеді.
Біртектес желінің біріншілік параметлерін белгілі деп санасақ, оны бірлік ұзындығына қатысты қарағанда: - тура және кері сымдырдың кедергілері, - тура және кері сымдардан құрылған тұзақтардың индуктивтігі,
- сымдар арасындағы өткізгіштік, -сымдар арасындағы сыйымдылық.
Ұзын желілерді, көптеген тізбектес жалғанған шексіз кішкентай элементар dx ұзындықты желі түрінде көрсетуге болады, олардың әрқайсысының кедергілері , индуктивтіктері , өткізгіштіктері және сыйымдылығы - тең деп қабылданады:
Желінің басынан, қарастырылатын нүктедегі элементке дейінгі қашықтықты Х деп белгілейміз, ал қабылдап алынған желі бөлігі элементін деп және сол элементар бөліктегі лездік токпен кернеудің мәндерін және арқылы , келесі элементар бөліктің басындағы токтарды және кернеулерді арқылы белгілейміз. Желі элементінің ұзындығы үшін Кирхгоф заңдары негізінде теңдеу құрамыз:
Жақшаны ашып ұқсас мүшелерін жиыстырып, екінші ретті кішілік шамаларды еске алмай, екі жағында қысқартсақ, келесі дифференциалдық теңдеуді аламыз:
Бұл теңдеулер оқулықтарда телеграфтық теңдеу деп аталады. Егер санақ бастамасы ретінде желінің соның қабылдасақ, яғни өсін қабылдығыштан қоректендіргіш көзіне қарай бағыттасақ, онда теңдеу келесі түрде жазылады:
Алынған дербес туынды түріндегі теңдеулер жүйесін шешу, бастапқы және шекаралық шарттылықтар кезінде, желі басынан алынған қашықтық және уақыттық функция ретінде, токты және кернеуді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл теңдеулер уақытқа қатысты токтардың және кернеулердің кез келген өзгерістері кезінде әділетті болып саналады.
Біртектес желідегі орныққан режім. Синусоидалы қорек көзі кернеуінің әрекеті кезінде ұзын желідегі орныққан режімді қарастырамыз.
Кернеу, стабилизатор Мектеп түзеткіштері. Түсініктеме: Түзеткіш деп айнымалы ток пен кернеуді тұрақтыға айналдыратын, РЭА-ды қоректендіру үшін қолданатын құрылғыны айтады. Желідегі желідегі айнымалы кернеу трансформатордың бірінші орамына келіп түседі, ал екінші орамнан алынатын кернеуі түзеткішіне беріледі. Түзетілген пульсациялы кернеу С сүзгісімен тегістеліп, резисторына эквивалентті құрылғыны қоректендіретін кернеуіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |