Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы


Жұлдызшалап қасылған үш фазалық тізбек



бет11/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Байланысты:
369720 2

2. Жұлдызшалап қасылған үш фазалық тізбек.
Үш генератордың әрбір ормын энергияны тұтынушыға жекелеп қосуға болады, демек, бұл жағдайда үш бір – бірінен тәуелсіз фазалық тізбек алынады. Практикада мұндай бір – бірімен байланысы жоқ тізбектер қолданылмайды, себебі үш бөлек тізбектер үшін алты сым өткізгіші керек, бұл экономикалық жағынан тиімді емес.Генератордың орамдарын жұлдызша қосудың нәтижесінде, генераторды тұтынушымен қосатын жұйедегі байланысы жоқ алты сымды төрт немесе үшл сымға дейін азайтуға болады
Электрлік схемада генератордың орамдарын жұлдызшалап қосқанда, үш орамның бір аттас қысқыштарын ( X, Y, Z ) бір нүктеге біріктіреді және оны О әрпімен белгілеп, генератордың нөлдік нүктесі деп атайды. Үш фазалық жүктемелердің соңғы ұштарын жұлдызшалап қосып, оларды бір 0’- нүктесіне біріктіреді, оны жүктеменің нөлдік немесе бейтарап нүктесі деп атайды. Жүктемелердің екінші ұштарын генератордың A, B, C нүктелеріне қосатын сымдарды желілік сым деп атайды.
Нөлдік сым немесе бейтарап сым деп генератордың және жүктеменің нөлдік нүктелерін қосатын сымды айтады, нөлдік сымдағы токты I0 деп атайды. (1.2-сурет) токтың оң бағыты үшін 0’ –нүктесінен 0 – нүктесіне дейінгі бағытты аламыз. Үш сымды жүйеде нөлдік сым болмайды (1.2-сурет).
Нөлдік немесе бейтарап сыммен сым желілері арасындағы ŮА , ŮВ ,ŮС – кернеулерін фазалық кернеулер деп атайды. Фазалық кернеудің фазалық электр қозғаушы күшінен айырмашылығы генератордың орамында кернеудің түсу шамасындай болады. Сым желілері арасындағы Ů АВ , Ů ВС , Ů СА – кернеулерін желілік кернеулер днп атайды.

Барлық фазалар үшін кедергілері


Z A = Z B = Z C = Z ф = Z Ф ej φ
бірдей болатын қабылдағышты симметриялық деп атайды.
Симметриялық режим жағдайында ток әр фазада электр қозғаушы күшінің осы фазалары бойынша φ = arctg X/R бұрышына қалып отырады, мұндағы R – және Х – фазалардың активтік және реактивтік кедергілері.
А – фазасындағы токты бір фазалы тізбектегі ток секілді анықтайды, ал симметриялық режимдегі генератор мен жүктеменің (қабылдағыштың) бейтарап нүктелерінің потенциалдары бірдей болатындықтан оларды бір – бірімен қосуға болады.
Симметриялық режимде бейтарап сымның болуы оған ешқандай өзгеріс жасамайды, себебі үш фазаның токтарының қосындысы нөлге тең (Жалпы жағдайда, фазалық жүктемелер бірқалыпты болмағанда İ 0 – тогы нөлге тең болмайды ), яғни ток болмайды
Сонымен, үш фазалық тізбектің симметриялық режимдегі жұмыстың есебі бір фазалық тізбектің есебіне ұқсас болады. Бұл жағдайда сымның кері кедергісі (бейтарап) есепке алынбайды, себебі онда ток та, кернеу де болмайды.
Әрбір үш фазалық двигатель симметриялық қабылдағыш болып табылады. Сондықтан электродвигательді энергия көзіне қосқанда үш сымдық желі пайдаланылады. Ал жарықтандыру жүйесінде үш фазалық қабылдағышта симметрияны толығымен сақтау мүмкіндігі болмайтындықтан төртінші бейтарап сым керек. Төрт сымды желіде бейтарап сымға жарақтандыруң магистраліне магистральдік қорғағыш немесе сөндіргіш қоюға болмайды, себебі бейтарап сымды ажыратқанда фазалық кернеу бірдей болмай қалады. Соның нәтижесінде, бір фазада кернеу жоғары, басқаларында төмен болуынан электр шамдары тез істен шығады. Егер осындай қосылу кезінде, бір магистральдің қорғағышы жанып кетсе, онда бір (тиісті) фазаның электр шамы ғана сөнеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет