Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар
- тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторларды біледі;
- тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді;
- факторлық табыстар мен жеке бюджеттің қалыптасуын біледі
Өндіріс ресурстары - тауарларды немесе қызметтерді өндіру процесінде пайдаланылған барлық ресурстардың жиынтығы (өндіріске тартылуы мүмкін табиғи және әлеуметтік күштер).
Өндіріс процесіне тартылатын ресурстарға мыналар жатады:
- Табиғи ресурстар - бұл өндірісте қолдануға жарамды табиғи күштер мен заттар: жер, су, орман, әртүрлі кендер, жел, күн энергиясы және т. б.;
- Материалдық ресурстар - бұл адам еңбегімен жасалған ресурстар: станоктар, компьютерлер, ғимараттар, цехтар, автомобильдер және т. б.;
- Еңбек ресурстары - еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық;
- Ақпараттық ресурстар - бұл өндіріс процесінде қажетті білім мен мәліметтер ағыны;
- Қаржы ресурстары - бұл өндірісті ұйымдастыру үшін қажетті ақша қаражаты.
Достарыңызбен бөлісу: |