2-тапсырма Соңғы айда қандай шығындар болғанын есептеңіз және оларды ақшалай түсімдермен (ата-аналардан алынған ақшамен) салыстырыңыз.
Табыстарыңыз отбасылық шығындарыңызбен салыстырыңыз (практикалық тапсырма)
Шығындар (отбасы мүшелерінің саны)
Орташа айына, теңге
Орташа жылына, теңге
Тұрғын-үй шығындары(газ, электроэнергия, су, жылу, тел, сот.тел, салықтар және т.б.)
Оқы, қызық! "4 конверттер" әдісі өз кірістері мен шығындарын қадағалаудың ең қарапайым және тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады. Оны барынша үнемді, ұтымды және ойластырылған отбасылық бюджетті қалай жасау керектігін білмеген біздің әжелеріміз де кезінде қолданған. Әдістің мәні - қаражатты ең қарапайым төрт конвертке бөлу.
Бірінші конвертке азық-түлікке және тамаққа жұмсауға арналған жоспарланған ақша салынады. Екінші конвертке - коммуналдық шығындар мен жол жүру билеттерін сатып алуға байланысты шығындар үшін ақша саламыз. Үшіншісіне - "қара күнге" деп ақша саламыз. Төртінші конвертке түскен ақшаларды ойын-сауық, киім-кешек және басқа да нәрселерді сатып алуларға жұмсауға болады. Егер тамақтануға бөлінген қаражат аяқталса, онда жетіспейтін сома "Ойын-сауық" конвертінен алынады.
Қарапайымдылыққа қарамастан, "4 конверт" әдісі өте тиімді және бухгалтерлік есептермен айналысу қажеттігінен арылтады. Отбасылық бюджетті қалай құру керектігін біле отырып, тапқан ақшаларды тиімді және сауатты қолдана отырып, ертеңгі күн туралы алаңдамауға және өзінің қаржылық тәуелсіздігіне әрдайым сенімді болуға болады.
3-тапсырма Жеке табыстарды қалыптастырудың қандай көздерін білесіз? Қандай көзі сізге ең тартымды болып көрінеді? Неліктен?
КЕЙС «ИЛОН МАСК» 1- тапсырма Zip2 іске қосқан кезде Илон Масктің қолында қандай ресурстар болғандығын ойлап көріңіз. Ол ресурстарды өндіріс факторларына қалай өзгерте алды?
2-тапсырма X.com (PayPal) стартабын іске қосуға қандай ресурстар мен өндіріс факторлары тартылғанын және нәтижесінде неге ол сәтті болғандығын ойлап көріңіз.
3-тапсырма SpaceX-ға тартылған өндіріс факторларының тізімін кеңейтіңіз.
4-тапсырма Электромобильдерді шығару үшін қандай ресурстар мен факторлар қажет екенін ойлап көріңіз.
5-тапсырма Илон Маск бизнес-кейсі Сізді неге үйретті? Сіз ресурстар мен өндіріс факторлары туралы қандай қорытындылар жасай аласыз?
«EGG DROP» Ойыны
Ойын барысында ресурстарды дұрыс пайдалану қаншалықты маңызды екенін түсіне аласыз. Бастапқы кезде сізде табысқа жетудің бірдей мүмкіндіктері болады. Тек сіз өзіңіздің - қаржылық, материалдық, адами, зияткерлік ресурстарыңызды қалай дұрыс басқара алатыңызға байланысты, тапсырманы да солай сәтті орындай алатыңызды анықтай аласыз.
Ойын ережелері Сізде бар виртуалды ақшаны (5000 алтын) пайдалана отырып, сіз бұдан әрі қажет болатын ресурстарды сатып алуыңыз керек. Алынған ресурстар арқылы, сіз адам бойына тең биіктіктен жұмыртқаны тастағанда, ол жұмыртқаның жарылмауына мүмкіндік беретін конструкцияны салуыңыз керек.
Ресурстар Бастапқы капитал: 5000 алтын.
Ресурстар құны: 1 м. скотч – 1000 алтын, қағаз құжаттарды сақтауға арналған файл – 800 алтын, пластикалық түтік – 300 алтын, кеңсе резеңкесі – 100 алтын.
Ойын барысы 1. Командаларға бөлініңіз;
2. Әрбір команда ресурстарды сатып алуға болатын виртуалды 5000 алтын алады. Жұмыртқаның жарылуына мүмкіндік бермейтін конструкцияны салу үшін сізге қандай ресурстар қажет екенін команда ішінде талқылаңыз - 5 минут.
3. Енді сіз өз конструкцияңызды құруға кірісе аласыз - 10 минут.
4. Ішінде жұмыртқасы бар сіздің конструкцияңыз дайын болған соң, мұғалім оның беріктігін тексеру үшін оны өз бойына тең биіктігінен лақтырады.
Ойыннан не түсіндіңіз? Егер сіз тапсырманы орындай алсаңыз - сізді құттықтаймыз! Сіз – тамаша командасыз, және сіздің табысыңыз – ол сіздің ұйымшылдығыңыздың және барлық қолда бар ресурстарды шебер пайдаланудың жемісі. Егер сіздің жұмыртқа жарылып қалса – көңіліңізді түсірмеңіз және қайта ойыннан қандай тұжырым алуға болатынын ойланыңыз. Сіздің қатеңіз неде болды? Сізде екінші мүмкіндік болғанда, сіз оны қалай түзететін едіңіз? Сіз командалық жұмысыңызды басқаша ұйымдастырар ма едіңіз?
1. Сіз мұғалім берген жұмыртқа мен 5000 алтынды немен байланыстырып бейнелеуге болады деп ойлайсыз?
2. Ойын барысында командаға қатысушылардың әрқайсысы қандай құзыреттілікке ие болғаны маңызды болды ма?
3. Сабақтың қорытындысын шығарыңыз: тапсырмадан қандай тұжырым жасадыңыз?
4. Алынған тұжырымдарыңызды одан әрі пайдалана аласыз ба? Қалай?