Күтілетін нәтижелер – біліктілікті арттыру курсының соңында тындаушылар: 1) біледі: - ТжКОБ ұйымдарында академиялық дербестік кезінде оқу процесін ұйымдастырудың нормативтік құқықтық актілерін және қағидаларын; - ерекше білім беруді қажет ететін студенттерді оқыту формаларын; - ТжКОБ ұйымдарында академиялық дербестік кезіндегі білім алушылардың үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру тәртібін; - ТжКОБ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасының паспортын ресімдеуді және білім беру бағдарламаларының реестріне қосу алгоритмін; 2) істей алады: - колледжге академиялық дербестікті енгізу мүмкіндіктеріне SWOT-талдау жүргізу; - колледжде академиялық дербестік кезінде оқу процесін ұйымдастырудың негізгі функциялары мен құралдарын пайдалану; 3) қолданады: - инклюзивті білім беруді ұйымдастыруды реттейтін құжаттарды; - педагогтік қызметтегі цифрлық білім беру технологияларды. 4) көрсете алады: - жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттары мен талаптарына сәйкес өз мамандығы бойынша функционалдық карта әзірлеудің дағдыларын; - «жұмсақ дағдыларды» (soft skills) (софт скилз) – коммуникативтік дағдыларды, сыни ойлауды, проблемаларды шешу дағдыларын, креативтілікті, командада жұмыс істей білуді, өзін-өзі ұйымдастыруды, тайм-менеджментті, жанжалдарды шешу дағдыларын және жеке педагогикалық практикада көшбасшылық қасиеттерді қолдануға дайындығын. Жұмыс блокноты игерілген курс материалдарын кәсіпорындардың (ұйымдардың) бейіні бойынша ерекшелігін ескере отырыпбекітуге арналған. Тыңдаушы орындайтын практикалық жұмыстар талдамалық сипатқа ие және бейін бойынша материалдарды өз бетінше зерделеуді көздейді. Тыңдаушының жұмыс блокнотын электронды және/немесе қағаз түрінде толтыру ұсынылады.