-5.1 қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарымен таныстыру;
- 5.2 қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың тың әдістемелік жолдарын меңгерту;
- 5.3 пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
- 5.4 педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістемелерді талдай білуге, олардың практикадағы тиімді-тиімсіздігін анықтай білуге дағдыландыру, өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жетілдіру
- 5.5 білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдалануға үйрету.
|
5.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі басты-басты ұғымдары жайлы жан-жақты мағлұмат алады.
5.2 Ережелерді, әдістерді,
ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды,
теорияларды
практикалық сабақта ұтымды қолдана алады.
5.3 Болашақ мамандар қазақ тілін оқытудың инновациялық, интербелсенді әдістерін сабақта шеберлікпен қолдана алады.
5.4 Өз ойын анықтаушы, сипаттаушы компоненттермен күрделендіріп бере алады, ғылыми-теориялық ақпараттарды түсініп, түсінгенін сараптап, тұжырым жасайды.
5.5 тіл бірліктерінің жүйелік құрылымдық, семантикалық, формалык, функционалдық қырларын кешенді түрде талдаудың және оны оқушыға меңгертудің жолдарын меңгереді.
|