Болжам диагноз – өкпе эмфиземасы.
Зерттеу жоспары:
Жалпы қан анализі;
Жалпы зәр анализі;
Спирометрия.
Лабораторлы және аспаптық зерттеу нәтижелері бойынша:
1. Жалпы қан анализінде:
Эритроцит жоғарылаған, эритроцитоз,
Лейкоцит жоғарылаған, лейкоцитоз,
ЭТЖ жоғарылаған.
2. Жалпы зәр анализі қалыпты.
3. Спирометрияда:
ӨӨС( өкпенің өмірлік сыйымдылығы)- 50 %; төмендеген;
ӨМВ (өкпенің максимальді вентиляциясы)- 40%; төмендеген;
ТШШЖ (тыныс шығаорудың шыңдық жылдамдығы)- 15, төмендегені анықталды.
Объективті, лабораторлы және аспаптық тексеру нәтижелеріне сүйене отырып, өкпе тінінің кеңею синдромымен сипатталатын өкпе эмфиземасы болжам диагнозы қойылды.
|
09:00
|
16:30
|
11.
|
18.05.20
Науқас Н., 44 жаста, ауруханаға басының ауруына, бас айналуына, құлақтағы шуға, әлсіздікке, кейде жүрек айну және көз алдында шіркейлердің пайда болуына шағымданып келді. Тұқымқуалаушылық - әкесі артериальді гипертензиямен ауырады. Объективті тексергенде, бойы- 164 см, салмағы- 60 кг. Тері жамылғысы: бет және мойын аймақтарының гиперемиясы. Ісінулер жоқ. Тынысы - везикулярлы әлсіз, сырылдар жоқ, ТАЖ- 20 рет/мин.
Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасы:
оң жақ – төстің оң жақ шетінен 1,0 см сыртқа,
сол жақ – сол жақ бұғана-ортаңғы сызығы бойынша,
жоғарғы- III қабырға.
Жүрек ырғағы дұрыс, тондары әлсіз, қолқада ІІ тонның акценті. Пульс қатты және тарылған, ЖЖЖ- 90 рет/мин. АҚ- 180/100 мм с.б.б.
Болжам диагноз – эссенциальды артериальды гипертензия.
|