Болжам диагноз – бауыр циррозы.
Зерттеу жоспары:
Жалпы қан анализі;
Жалпы зәр анализі;
Қанның биохимиялық анализі;
Коагулограмма;
Эзофагодуоденоскопия;
Рентгенологиялық зерттеу.
Лабораторлы және аспаптық зерттеу нәтижелері бойынша:
1. Жалпы қан анализінде:
Гемоглобин төмендеген; анемия;
Лейкоцит азайған, лейкоцитопения;
ЭТЖ жоғарылаған.
2. Жалпы зәр анализінде:
Лейкоциттер – 4-5 к/а.
3. Қанның биохимиялық анализінде:
Жалпы белок төмендеген, гипопротеинемия;
Альбумин азайған, гипоальбуминемия;
Жалпы билирубин жоғарылаған,
Жалпы холестерин жоғарылаған, гиперхолестеринемия;
Триглицеридтер жоғарылаған, гипертриглицеридемия.
4. Коагулограммада:
Протромбин уақыты: 13 сек; баяу;
Тромбин уақыты: 28 сек., баяу.
5. Эзофагодуоденоскопия:
Өңеш пен асқазан көк тамырындағы қан қысымының жоғарылауынан, асқазан мен өңештің кеңейген қан-тамырларынан көп мөлшерде, көлемді қан кету анықталады.
6. Рентгенологиялық зерттеу:
Рентгенологиялық зерттеу арқылы асқазан көк тамырларының айқындалып көрініп тұрғанын байқауға болады.
Объективті, лабораторлы және аспаптық тексеру нәтижелеріне сүйене отырып, созылмалы бауыр қызметінің жетіспеушілігі синдромы диспепсиялық, анемиялық, геморрагиялық синдромдарымен бірге көрінетін бауыр циррозы болжам диагнозы қойылды.
|