Болжам диагноз – бүйрек қызметінің жедел жетіспеушілігі.
Зерттеу жоспары:
Жалпы қан анализі;
Жалпы зәр анализі;
Қанның биохимиялық анализі;
Бүйректердің УДЗ.
Лабораторлы және аспаптық зерттеу нәтижелері бойынша:
1. Жалпы қан анализінде:
Гемоглобин төмендеген, анемия,
ЭТЖ жоғарылаған.
2. Жалпы зәр анализінде:
Түсі- ақшыл қызыл,
Мөлдірлігі - мөлдір емес,
Тығыздығы -1008 г / л, гипостенурия;
Ақуыз- 0,099 г / л, протеинурия,
Лейкоциттер- 10-15 к/а, лейкоцитурия;
Эритроциттер- 15-20 к/а, гематурия;
Цилиндрлер+++, цилиндрурия.
3. Қанның биохимиялық анализінде:
Жалпы белок төмендеген, гипопротеинемия;
Креатинин жоғарылаған;
Натрий- 95 ммоль/л; азайған, гипонатриемия;
Калий- 20 ммоль/л, жоғарылаған, гиперкалиемия;
ШФЖ (шумақтық фильтация жылдамдығы)- 90 мл/мин, баяу.
4. Бүйректердің УДЗ:
Бүйрек көлемі ұлғайған, бүйрек паренхимасының эхогенділігінің төмендеуін көреміз.
Объективті, лабораторлы және аспаптық тексеру нәтижелеріне сүйене отырып, бүйрек қызметінің жедел жетіспеушілігі синдромы болжам диагнозы қойылды..
|