Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады
Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады.
Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады.
Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.).
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.
Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды.
Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау
Тоқсандық жиынтық бағалау жиынтық бағалаудың әдістемелік ұсынысында берілген үлгідегі балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Аталған кестеге сәйкес мұғалімдер балдарды қояды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар және оны өткізу ережелері. Бұл құжат оқу мақсаттарының сипаттамасынан, тест құрылымынан, тестті өткізудің негізгі талаптарынан, балл қою кестесінен және тапсырмалар үлгісінен тұрады.
Толық спецификацияда әр бетінде немесе әр бөлігінде нақты ақпараттар көрсетілуі қажет. Олар төмендегілерді қамтиды:
Толық спецификацияда әр бетінде немесе әр бөлігінде нақты ақпараттар көрсетілуі қажет. Олар төмендегілерді қамтиды:
Тест қанша уақытқа созылады
Қандай тест алынады, мысалы, грамматика ережесі
Әр секцияда қанша тапсырма бар
Мәтіндер типі
Әр тапсырманың балы және жалпы мүмкін балдар
Мәтінде жалпы және жиі қолданылатын сөздер саны
Қайда және қашан өткізуге болады
Тапсырма үлгілері мен ұзақтығы
Жазбаша және ауызша тапсырмалардағы бағалау критерийлерінің нақтылығы
Тапсырмалар түйіні, мысалы, мәтінді толық түсінгенін көрсету