Тапсырма 2. Әсеттің қадамының ұзындығы 7 дм, ал Әнуардың қадам ұзындығы 20 см-ге кем. Әнуардың қадамының ұзындығын табыңыз. Жауабыңызды сантиметрмен жазыңыз. (2 балл)
Балл қою кестесі
Сұрақ
Жауап
Балл
Қосымша нұсқаулар
2
Өлшем бірліктерін түрлендіреді
7 дм = 70 см
70 – 20 = 50
1
1
А оқушы
С оқушы
Оқушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін тіркеу
Бөлім/ортақ тақырып бойынша балл қою
Бағалау критерийлері мен оқушылардың оқу жетістіктері деңгейлерінің сипаттамасы
Оқу жетістігі деңгейі
Сипаттама
5 балдық шәкілге ауыстырғандағы болжам баға
Төмен деңгей
пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді
жай тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі
ақпаратты ұсынудың әр түрлі формаларының (кестелер, графиктер және диаграммалар) негізінде жай қорытынды қалыптастырады
жай тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады
1 -2 бағаға сәйкес
Орта
деңгей
пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша жеткілікті білімін және түсінігін көрсетеді
әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады
ақпаратты жалпылайды және ішінара негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтерді келтіре алады
әдеттегі тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің стандартты жолдарын ұсынады және қолданады
тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді
3-4 бағаға сәйкес
Жоғары деңгей
пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша терең білімін және түсінігін көрсетеді
қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады
әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жалпылайды және толық негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтерді келтіре алады
қиын тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және қолданады
тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған нәтижелердің маңыздылығын және негізділігін бағалайды