Білім беру бағдарламасы курс атауы: «Тарихты оқыту әдістемесі» Тыңдаушылар санаты



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата15.07.2024
өлшемі1 Mb.
#203576
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Тарихты-оқыту-әдістемесі-1

Оқытуды ұйымдастыру формасы — 
оқыту процесінің мақсаттары мен 
міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің сыртқы 
көрінісі. 
Оқыту әдістері 
— оқытудың мақсатты міндеттеріне сай оның мазмұнын 
оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері 
мен құралдарының жиынтығы. 
Оқу тәсілдері 
— оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни 
жалпы «әдіс» түсінігіне байланысты жалқы ұғым. 
Оқу құрал-жабдықтары — 
бұл білім алу, ептіліктерді қалыптастыру 
көздері. «Оқу құрал – жабдықтары» түсінігі кең және тар мағынада 
қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе 
жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу 
құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға көмекші жағдаяттардың бәрі 
деп түсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың 
арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды. 
Педагогикалық технологиялар
— теориялық білімдерді тұтас 
педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған 
және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да 
даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері 
дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені. 
Сабақ – 
мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту 
үрдісінің бөлігі. 
Сабақ –
ол ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, 
шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу 
жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән. 
Сабақ құрылымы — 
сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, 
кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы. 
Сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі - СББР
) - интербелсенді 
формада оқытуды қамтамасыз ететін оқытылатын пәндер мен (немесе) 
модульдерге 
арналған 
дидактикалық 
материалдар: 
фотосуреттер, 
бейнероликтер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалды шындық 
пен интербелсенді модельдеу объектілері, дыбыстық жазбалар және басқа да 
цифрлық білім беру материалдары; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет