Бағдарламаның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін қарастыру;
2) бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен олардың сипатын көрсету;
3) бағалау құралдарын әзірлеу және оларға сараптама жасауды үйрету.
Оқу нәтижелері.
Мұғалімдер:
критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдері туралы білімін кеңейтеді;
критериалды бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен олардың сипаты туралы білімі мен түсінігін кеңейтеді;
бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу және дескрипторлар құрастыру тәжірибесін жетілдіреді;
тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу және балл қою кестесін құрастыру дағдыларын жетілдіреді;
критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау және бағалау нәтижелерін талдау әдістерін меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |