Педагогикалық өлшеулер
|
білім алушылардың оқу жетістігін өлшеу және бағалау әдістері мен құралдарын әзірлеп, қолданумен шұғылданатын педагогика саласы
|
Реттілікті анықтау тапсырмасы
|
көрсетілген әрекеттер мен амалдардың, оқиғалардың дұрыс реттелген тізбегін анықтауға берілген тапсырма
|
Рефлексия
|
қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау процесі
|
Рубрика
|
бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі
|
Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы
|
берілген екі жиынның (тізімнің) сәйкес элементтерін анықтап, көрсетуге берілген тапсырма
|
Скаффолдинг
|
(көпіршелер тұрғызу), мұғалімнің білім алушының жақын арадағы даму аймағында жұмыс істеуіне және оның өз бетінше орындай алмайтын тапсырмаларды орындауына интерактивті қолдау көрсетуі.
|
Тапсырманың кілті
|
тапсырманың дұрыс жауабы
|
Тест валидтілігі
|
(ағыл. validity of test), тапсырманың бағаланатын нысанды дәл өлшейтінін көрсететін жарамдылығының маңызды белгісі
|
Тест сенімділігі
|
(ағыл. reliability of test), тапсырма бойынша тексеруді бірнеше рет қайталап өткізгенде алынған өлшеу нәтижелерінің дәлдігі мен тұрақтылығының көрсеткіші
|
Тест спецификациясы
|
тестілеудің мақсат-міндеттері мен құрылымы, негізгі талаптары мен өткізу ережесі көрсетілген құжат
|
Тестілеу уақыты
|
тексеру тапсырмасын орындауға берілетін уақыт
|
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
|
тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар
|
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар
|
білім алушының қабілетін есепке ала отырып, сараптауды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар
|