Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі
|
Оқу бағдарламасы
|
оқу пәні бойынша міндетті түрде меңгерілуі керек білімдер мен дағдылардың мазмұны және көлемі, сонымен қатар, олардың тақырыптар, тараулар мен оқу кезеңдеріне бөлінуі көрсетілген құжат. Белгілі бір білім беру саласына қатысты мемлекеттік білім беру стандартының талаптары негізінде әзірленеді
|
Оқу мақсаттары
|
оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым
|
Ортақ тақырып
|
нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент
|
|