Ашық тапсырма
|
дайын жауап үлгілері берілмеген тапсырма; білім алушы ойланып, өз жауабын ұсынады
|
Бағалау
|
білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқудан күтілетін нәтижелермен әзірленген критерийлер негізінде салыстыру процесі
|
Бағалау критерийі
|
білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі
|
Бағалауға арналған тапсырма
|
білім алушы тексеру кезінде орындайтын әртүрлі жаттығулар/ тапсырма. Көптеген тапсырмалар теориялық, тәжірибелік дағдыларды көрсетуге бағытталған кешенді сипатта болады
|
Балл
|
тапсырманы орындау нәтижесін белгіленген шәкіл бойынша бағамдаудың шартты бірлігі
|
|