ICILS Компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы халықаралық зерттеуі оқушылардың IT-құзыреттерін бағалау мүмкіндігін ұсынатын бірегей жоба болып табылады. Бұл зерттеуді 2013 жылдан бастап әрбір 5 жыл сайын IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) - оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі Халықаралық Қауымдастық жүзеге асырады (www.iea.nl).
Зерттеудің мақсаты – 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылық (КАС) деңгейін бағалау. Зерттеу «Оқушылардың IT-құзыреттерінің қалыптасуына мектепте оқу қалай әсер етеді және балалардың IT-дағдыларының дамуына қандай факторлар әсер етеді?» деген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
ICILS халықаралық тексеруі 8-сынып оқушыларының IT-құзыреттерін басқа елдердегі құрдастарымен салыстыра отырып объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |