Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Педагогикалық шеберлік орталығының



бет57/72
Дата25.01.2022
өлшемі342,15 Kb.
#114326
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72
Байланысты:
МАН Информатика

Сенімділікті анықтау әдістемесі

Әдіс

Процесс

Тестілеу/ қайта тестілеу

Белгілі бір тест немесе дәл сол тестінің балама нұсқасы бір топтағы оқушыларға әртүрлі уақытта қолданылады. Содан соң екі нәтиженің жиынтығы сенімділік коэффициентін есептеу үшін салыстырылады. Бұл әдіс бағалау нәтижелерінің уақытқа қатысты немесе сол тестінің балама нұсқалары арасындағы үйлесімділік туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Ішкі үйлесімділік


Түрлі тапсырмалар немесе бөлімдер бойынша бағалау нәтижелерінің қаншалықты жақсы және қаншалықты байланысты екендігі салыстырылады. Ол үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады, мысалы, тест тапсырмаларын екі бөлікке бөліп, әр бөліктегі нәтижелерді салыстыратын қақ бөлу әдісі (сплитхаф әдісі – тең бөлу). Осы түрдегі сенімділік коэффициентін анықтаудың күрделі статистикалық әдістері де бар. Мысалы, тест тапсырмаларына арналған оқулықтарда сенімділік коэффициентіне қатысты Кронбахтың альфа коэффициентін, Кудер Ричардсонның 20 немесе 21-формулаларын қолдану туралы мысалдар қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет