Бағалау нәтижелері. Нәтижелердің сенімділігі мен валидтілігі
Сенімділікті қамтамасыз етуге арналған нұсқаулық
(Чарльз Дарр материалдарының негізінде, 2005)
Сенімділік дегеніміз не?
Сенімділік — бұл бағалау кезінде алған нәтижелердің тұрақтылығы. Бұл төмендегілерді білдіруі мүмкін:
Уақытқа қатысты тұрақтылық – егер бағалау басқа күні немесе басқа уақытта өткізілсе, нәтижелер бірдей бола ала ма?
Тапсырмалардың арасындағы тұрақтылық – бағалау үшін басқа тапсырмалар іріктеліп алынса, нәтиже бірдей болар ма еді?
Бағалаушылар арасындағы келісім – егер жұмысты басқа тексеруші бағаласа, нәтижелер бірдей бола ма?
Тұрақтылық деңгейі жоғары болған сайын, нәтиже де сенімді болады. Алайда нәтижелер абсолютті түрде сенімді болуы мүмкін емес. Қашанда бағалауға әсер ететін кездейсоқ ықтималдық болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |