Дереккөзге сілтеме:
Лемов Д. (2015). Мұғалім шеберлігі: Көрнекті оқытушылардың тексерілген әдістері. Мәскеу: «Манн, Иванов және Фербер».
I CILS (International Computer and Information Literacy Study)
Компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы халықаралық зерттеуі.
Цифрлық технологиялар адамнан бағдарламалық қосымшалармен жұмыс істеу дағдыларын ғана емес, сонымен қатар ақпаратты пайдалану мәдениетінің белгілі бір деңгейін талап етеді.
IT (ақпараттық-технологиялық) құзыреттілік бүгінгі таңда кез келген сала маманы үшін маңызды. Жапондық Ұлттық Мультимедия институты жүргізген зерттеудің нәтижелері IT-дағдылары оқушылардың математика және гуманитарлық ғылымдар бойынша оқу үлгеріміне оң әсер ететінін дәлелдеген.
Компьютерлік сауаттылықты Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) XXI ғасырдағы адамның бәсекеге қабілеттілігін көрсететін негізгі дағды ретінде белгілеген. Қазіргі уақытта жұмыс берушілер мамандарды жұмысқа қабылдау үшін олардан негізгі кәсіби дағдылармен қатар, компьютерлік қосымшаларды дұрыс қолдануды, компьютерде ақпаратты өңдеудің әртүрлі әдістерін пайдалана білуді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |