Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Педагогикалық шеберлік орталығының


Сабақты жоспарлау: кері дизайн әдісі



бет47/72
Дата25.01.2022
өлшемі342,15 Kb.
#114326
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Байланысты:
МАН Информатика

Сабақты жоспарлау: кері дизайн әдісі

Оқу мақсаттарына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін құралдарды әзірлеу (критерийлер, дескрипторлар, т.б.)




Оқушылардың қажеттілігін ескеріп, күтілетін нәтижеге байланысты мақсат анықтау

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізетін әрекеттерді/мазмұнды жоспарлау

Сабақты жоспарлаған кезде алдымен сабақтың осы және басқа да кезеңдерінде не орындату керек дегенді емес, сабақ соңында білім алушылар неге қол жеткізуі тиіс екенін ойлану қажет. Сондай-ақ, өткен сабақтағы нәтижелерді де ескерген дұрыс. Егер келесі сабақта қарастырылатын оқу мақсатына жетуге тікелей әсер ететін осы сабақтың мақсаты орындалмағанын байқасаңыз, бұл материалды тағы да қайталап өту қажет.



(Қандай нәтижеге қол жеткізгіңіз келеді? Бұл нәтиже оқушыларды келесі сабақта неге үйрететініңізге және сіздің оқушыларыңыздың келесіде нені меңгеруі қажет екендігіне қаншалықты байланысты?)
«Кері дизайн» әдісі келесі кезеңдерді қамтиды:
1) Алдыңғы сабақтың мақсатына қай деңгейде қол жеткізгеніңізді ескере отырып, осы сабақтың мақсатын нақтылау және түзету.

2) Білім алушылардың оқу мақсатына жетуін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау жүйесін жоспарлау. Барынша тиімді бағалау үшін бағалау критерийлерін құрастыру.

3) Белгіленген оқу мақсатына қол жеткізетін нақты әрекеттерді/сабақ мазмұнын жоспарлау, яғни, тиісті тапсырмалар мен жаттығуларды таңдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет