8
Сингапур және Австралия сияқты елдерде оқу бағдарламасында мұғалімдер мен оқушылардан
күтілетін нәтижелер нақты белгіленген. Қазақстанның барлық мектептерінен күтілетін
нәтижелерді белгілеу барысында да осы тәсіл пайдаланылды. Оқушылардың нені білуі және
істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша барлық
оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және мұғалімдердің оқу
бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері
-
пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді
арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді
тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
-
таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша
ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту
мақсаттарының иерерахиясы;
-
білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың
пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
-
бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру
барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
-
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы,
әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
-
оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде
технологияландыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: