6
үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді реформалаудың
қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай
білім беретіні туралы
мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені
үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда
пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере
алатындай
деңгейдегі
жұмыстар
республикалық
деңгейде
жүргізілуде.
Оқу
бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне
қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының
жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін
талап
етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске
асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған
оқу бағдарламасы мен критериалды бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін
қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту, жаңартылған
оқу бағдарламасын әзірлеу, сынақтан өткізу және 2016-2017 оқу жылынан бастап 1-
сыныптарда енгізу аталған процестің бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған мазмұн түрлі
проблемаларды шешудің дағдыларын дамытуға, зерттеуге және түрлі дереккөздеріндегі
ақпаратты зерделеуге бағытталған. Білім алушылар білімдерін әрі қарай басқа да жағдайларда
жинақтап, қолдана алу мақсатында бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына және әрбір білім
беру саласындағы пәндерді негізге ала отырып, түсініктерін қалыптастырады. Сондықтан
оқушылар өз білімдерін кез келген жағдайға бейімдей алуға және болашақта оларға кездесуі
мүмкін кез келген күрделі міндеттерді шешуге үйренеді.
Бастауыш сынып пәндерін табысты оқыту ұстаздың кәсіби тәжірибесі мен құзыретіне
байланысты болады. Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында
бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру
курстары жаңартылған оқу
бағдарламаларын іске асыру үшін мұғалімнің кәсібилігін жетілдіруге бағытталған.