Оқу нәтижелері: -
мұғалімдер бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасының мақсатын,
міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
-
бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық
тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі.
-
бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес оқу
мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және
қолдана біледі.
Біліктілікті арттыру курсы аясындағы бағамдау Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы барысында мұғалімнің күтілетін нәтижелерге
қол жеткізу деңгейін бағамдау қарастырылған. Біліктілікті арттыру курсының оқу жоспарына
сәйкес біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдауға
арналған жаттығулар барысында тренер мұғалімдердің идеяларын тыңдайды, белгілі бір
мәселелерге қатысты бағамдау аспектілері тұрғысынан мұғалімдерді бағамдайды.
Мұғалімдерді бағамдау аспектілері бастауыш сынып пәндерін оқыту үшін талап етілетін
белгілі бір дағдылармен байланысты салаларға бөлінген. Әр сала төрт деңгей бойынша
бағамдалады: бастапқы деңгей, қалыптасу деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей.
Дескрипторларға қарап мұғалімнің кәсіби дамудың қандай деңгейінде екенін анықтау қиынға
түспейді. Мұғалімдер бағаланатын барлық аспектілер бойынша бір деңгейде болуы шарт емес.
Курс барысында бағамдау қалай жүретіні түсіндіріліп, мұғалімдерге ол аспектілерді
меңгеруде қолдау көрсетілетін болады.