«Бұл сабақта біз...» айдары
ашады. Сонымен қатар, сабақтың басында оқылатын тақырып бойынша түйін сөздер
келтірілген.
«Анықта» айдары берілген тақырыптың негізгі идеясын анықтауға мүмкіндік береді.
«Үйрен» айдары оқушылардың өз бетінше орындауына арналған практикалық
тапсырма болып табылады.
«Бұл уақытта...» айдары осы уақытта әлемнің басқа да бөліктерінде болып жатқан
оқиғалар туралы білуге мүмкіндік береді.
«Бұл қызықты» айдарында тақырып бойынша қосымша танымдық ақпарат келтіріледі.
«Тұлғаны таны» айдары белгілі тарихи тұлғалармен таныстырады.
Бұл айдарлар тақырыпты оқу кезінде оқушылардың назарын аса маңызды сәттерге
аударуға мүмкіндік береді, зерттеу үшін бағыт-бағдар береді.