6
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда
қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық
проблемаларға жауап бере алатындай жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу
бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне
қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының
жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап
етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып,
іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін
қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша жаңартылған оқу
бағдарламасы осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Негізгі орта және жалпы орта
білім беру деңгейінде тарихи-құқықтық білім берудің аса үлкен маңызға ие болуы
Қазақстан тарихы мен құқық негіздерін оқытудың оқушыларда тарихи сана мен құқықтық
сауаттылықты қалыптастырудағы тәжірибелік тұрғыдан маңыздылығына байланысты.
Оқу-тәрбие үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі болып
табылатын тарихи білім
тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс. Сондықтан «Қазақстан
тарихы» пәні оқушыларды тарихи оқиғалармен таныстырып қана қоймай, оған қоса
ғасырлар бойы Ұлы дала кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарды түсінуге
жетелейді. Пән мазмұны ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, әлем тарихындағы
Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік
өркениеттің дамуына қосқан
үлесін түсінуге мүмкіндік береді. «Қазақстан тарихы» пәні «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық
біріктіруші идеясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, ал бұл өз кезегінде ұлттық
және жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдайтын, адамдар құқықтары мен
бостандықтарын құрметтейтін және Отанының дамуына өзіндік үлес
қосуды қалайтын
тұлғаны тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениетін
қалыптастыру азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты
алғышарттарының бірі болып табылады. Азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру үшін
олардың базалық құқықтық білімді меңгеруі қажет. Осыған орай, жалпы білім беретін
мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі
үшін қажетті негізгі құқықтық білімдер мен дағдыларды меңгеруін қамтамасыз етуі тиіс.
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша оқу бағдарламалары
білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара
шарттылығына негізделген
тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу
бағдарламалары тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Оқу мақсаттарының құрылымдалған жүйесі
оқушылардың білімді функционалдық және шығармашылықпен қолдану, сын тұрғысынан
ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану,
топпен және өз бетінше
жеке жұмыс істей білу, мәселелерді шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды
дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім
алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгі қызметінде де жетістіктерге
жетуінің кепілі болып табылады.
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерін табысты оқыту мұғалімнің
кәсіби тәжірибесіне және біліктілігіне, оқыту үдерісінің нәтижесіне баса назар аударуына
тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту
аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы жаңартылған мазмұнды іске асыратын
мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған.