Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет14/53
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92401
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
52d6ddf1-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b1 МАН Тарих

 
 


10 
Дәлелдемелер жинау
Тест спецификациялары зерделенген тақырып немесе бөлім бойынша нақты 
деректерді көрсетеді және оқу мақсатын немесе дағдыларды бағалауға бағытталады.
Бағалауға арналған тапсырманы әзірлегенде құрылым мен өлшеуге арналған 
компоненттерді сақтау маңызды. Бағалауға арналған тапсырманың сәйкес болмау 
себептерінің бірі оның толық анықталмағандығында/құрастырылмағандығында болады. 
Тапсырма құрылымының жеткіліксіз берілгендігінің мысалы ретінде әрқайсысы жеке 
немесе барлығы бірге қарастырылып бағалануы тиіс байланыстырушы ортақ 
тақырыптардың болмауын айтуға болады.
Мысалы, «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша бағалау 
тапсырмасында басқа пәндер тыс қалуы мүмкін, ал жалпы түсінік қалыптастыру 
және дұрыс шешім қабылдауда бір-бірімен байланысты барлық пәндер қатар маңызды. 
Жиынтық бағалауда олардың біреуінің ескерілмеуі пән бойынша оқушының оқу 
жетістігі туралы дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді

Поллит, Ахмед және Крисп (Pollitt, Ahmed and Crisp, 2007) бағалауға арналған 
тапсырманың мазмұнына төмендегідей талаптар қояды: 
-
тапсырманы орындауға берілетін уақытты дұрыс белгілеу; 
-
тиімді жұмыс көлемін ұтымды анықтау;
-
оқуға және жазуға берілетін уақытты есептеу;
-
мәтін мазмұнының күрделілігін анықтау; 
-
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жадыға түсетін танымдық жүктемені анықтау; 
-
бағалауға арналған тапсырманы орындау кезінде оқушылардың күйзеліске 
ұшырау мөлшерін анықтау. 
Тапсырманың мазмұнына қойылатын кейбір талаптардың сандық мөлшерін 
анықтау немесе бағамдау мүмкін емес. Сонымен қатар жаңадан тапсырма әзірлеу кезінде 
сүйенуге болатын бұған дейін орындалған тапсырмалар бойынша талдау мен ақпараттың 
болмауына байланысты мұғалім бағалауға арналған тапсырманың санын көбейту, азайту 
немесе бұрынғы қалпында қалдыру туралы шешімді өз бетінше қабылдауы тиіс. 
Бағалауға арналған тапсырманың мазмұнына қойылатын талаптарды бағамдаудың 
құрылымданған тәсілі бар ма? Әлеуметтік психологияда қолданылатын үлестіру 
теориясын тапсырманың мазмұнына қойылатын талаптарды бағамдау жұмыстарын 
дамыту үшін де қолдануға болады. Гилберт, Пелхам және Крулл (Gilbert, Pelham, and 
Krull, 1988) адам өзінің тәртіп себептеріне мұқият және дәлелді талдау жасаған кезде үш 
кезеңнен өтеді деп санайды: санаттарға жіктеу, сипаттамаларды анықтау және түзету.
2-сурет.
Бағалауға арналған тапсырмаларды анықтау 
Адамның мінез-құлқын үлестіру үрдісі бағалауға арналған тапсырма әзірлеуден 
мүлдем өзгеше болуы мүмкін, бірақ психологиялық үдерістің берілуі мен қолданылуы 
бірдей болады. Гилберттің үлестіру теориясы аясында бағалауға арналған тапсырма 
мазмұнын әзірлеу талаптарының бірінші кезеңі жеке көзқарас пен тосын анықтамаларға 
(жоғары талап, орташа талап және төмен талап) негізделеді. Сарапшы/мұғалім осы 
деңгейде жұмыс істей отырып, өзіне «Әзірленген тапсырманың деңгейі қандай?» деген 
сұрақты қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет